Лауазымдық жауапкершілік:
1. Басшының әкімшілік-өкімдік қызметін ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
2. Басшының жұмыс орнын қажетті ұйымдастыру техника құралдарымен, кеңсе және өзге де керек-жарақтармен қамтамасыз етеді, басшының тиімді жұмысына ықпал ететін жағдайлар жасайды.
3. Басшының қарауына келіп түскен хат-хабарларды қабылдайды, оны қабылданған шешімге сәйкес құрылымдық бөлімшелерге жолдайды немесе жұмыс барысында қолдану немесе орындау үшін нақты орындаушыларға береді.
4. Бөлімшелерден және (немесе) орындаушылардан басшыға қажетті мәліметтерді сұратады.
5. Басшының телефон арқылы сөйлесуін ұйымдастырады.
6. Телефонограммаларды қабылдайды және жібереді, кіріс телефонограммалар мен хабарламалардың мазмұнын басшының назарына жеткізеді.
7. Басшының жұмысына қажетті құжаттар мен материалдарды дайындайды.
8. Басшы өткізетін отырыстар мен кеңестерді дайындау бойынша жұмыстарды жүргізеді (қажетті материалдарды жинау, қатысушыларды уақыт, орын, күн тәртібі туралы хабардар ету), хаттамаларды жүргізеді және ресімдейді.
9. Қызметтік әдепті сақтай отырып, келушілерді қабылдауды ұйымдастырады.
10. Нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес іс қағаздарын жүргізеді.
11. Құжаттаманың сақталуын және қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
12. Бөлімше қызметкерлерін құжаттармен уақтылы таныстыруды қамтамасыз етеді.
13. Лауазымдық міндеттерін орындау кезінде қызметкерлердің дербес деректерінің сақталуын қамтамасыз етеді.
14. Бөлімше қызметкерлерінің бұйрықтар мен өкімдердің орындалуын, сондай-ақ бақылауға алынған тапсырмалар мен басшының нұсқауларын орындау мерзімдерінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады
15. Бөлім қызметкерлерінен құжаттарға және жеке өтініштерге басшыға қол қойдыру үшін қабылдайды.
16. Басшының тапсырмасы бойынша хаттарды, сауалдарды жазады, хат авторларына жауаптарды дайындайды.
17. Басшының нұсқауы бойынша оның жұмысына қажетті қызметтік құжаттарды ресімдейді.
Білім:
Жалпы орта білімнен төмен емесДағдылар:
Білуі керек:
- «ҮМЗ» АҚ-да әрекет ететін менеджмент жүйесінің негіздері;
- құжаттау және құжаттаманы басқару ережелері;
- «ҮМЗ» АҚ еңбек тәртібінің ережесі;
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндіріс мәдениеті жөніндегі қағидалардың, нормалар мен нұсқаулықтардың талаптары;
- құпиялылық режимінің, өткізу және объектішілік режимнің, мемлекеттік, қызметтік және коммерциялық құпияны сақтаудың, ақпараттық қауіпсіздіктің талаптары.
ДЭЕМ базалық бағдарламалық жасақтамаларын, MS Office бағдарламалар пакетін, ұйымдастыру техникасы құралдарын пайдаланушы деңгейінде меңгеру.Қосымша:
Болжамды еңбек ақы мөлшері: 133 010 теңгеБілетін тілдер:
-