Нысандарды басқару жөніндегі менеджер

«ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
40

Қаралған саны:
2671

   Конкурс туралы
Лауазымдық міндеттері:
  • кеңсе әзірлеу және жалға алу қызметтерін жүргізу және басқару, соның ішінде жалға берушілермен қарым-қатынасты басқару және қызметтерді жүргізу, хат-хабарларды тарату, кеңсе тауарларын жеткізу, жұмыс орындарын көшіру және жиһазбен қамтамасыз ету;
  • «НКОК Н.В.» компаниясының тұрғынжайларға орналастыру портфолиосы бойынша кеңсе әзірлеу және жалға алу қызметтерін жүргізу және басқару;
  • барлық жергілікті және халықаралық іссапарларды жүзеге асыру үшін компанияның іссапарларын ұйымдастыру қызметін жүргізу және басқару;
  • әлеуметтік көмек көрсету жұмыстарын жүргізу және басқару, соның ішінде компанияның қолдауымен өтетін тимбилдингтер, әлеуметтік және мерекелік шараларды ұйымдастыру;
  • нысандарды пайдалану қызметін жүргізу және басқару, соның ішінде нысандардағы тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерін, кафетерий, Батыс Ескенедегі, Баутин мен Атырау оқу орталығындағы тамақтандыру және сусындармен қамтамасыз ету қызметтерін жүргізу;
Кәсіби біліктілігі мен жұмыс тәжірибесі:
  • әкімшілік ету саласындағы дәрежесі немесе жоғары білімі (техникалық, экономика, заң) және мұнай және газ саласында қызметтерді басқару/нысандарды басқару бойынша 10-12 жыл жұмыс тәжірибесі;
  • кадрлармен жұмыс істеу / еңбек кодексі / персоналды басқару талаптары жөнінде білімі;
  • жалпы қызмет көрсетудің негізгі қағидаттары мен АТТ жүйелері жөнінде түсінігі;
  • жалпы қызмет көрсету туралы халықаралық келісімшарттар мен жалға беру келісімдерін басқару және бақылау жөнінде жетік білімі және тиісті тәжірибесі;
  • бюджетті басқару, шығын көлемін үлестіру бойынша жан-жақты білімі;
  • ДЕҚОҚ-қа қатысты корпоративті, жергілікті және халықаралық стандарттар мен талаптар жөнінде жетік білімі.

Жұмысқа қажетті білімі мен дағдылары:

  • үздік тұлғааралық қарым-қатынас жүргізу және тіл табысу дағдылары;
  • компьютерді пайдалану машықтары, соның ішінде Microsoft Word, Excel және басқа да негізгі компьютерлік бағдарламалармен жұмыс істеу дағдылары;
  • жұмыс уақытын тиімді жоспарлау;
  • жұмыс сапасын жақсартуға және оң нәтижеге қол жеткізуге ынталы болу;
  • көпұлтты ортада жұмыс істеу қабілеті.
  • озық жетекшілік ету қасиеттері. 

Қажетті қабілеттер

  • Договорная работа
  • управление объектами
  • - Управление персоналом

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Озат)
  • Қазақ тілі (Озат)
  • Орыс тілі (Озат)