«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «ЖТ Павлодар бөлімшесі» филиалының жоспарлау-экономикалық бөлімінің бастығы

455033 - 495043
НОД-3 (Павлодарское отделение ГП) Павлодар облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
4

Қаралған саны:
843

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Бөлім жұмысын ұйымдастыру, бөлім қызметкерлері арасында міндеттерді бөлу;
  • Қызметтің барлық түрлері бойынша перспективалық, жылдық, тоқсандық және айлық жоспарлардың жобаларын, оларға негіздемелер мен есептерді; дайындау бойынша әдістемелік нұсқаулар. Филиалдың әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарын әзірлеуге қатысу;
  • Серіктестіктің белгіленген есеп беру нысандары бойынша филиалдың өндірістік-қаржылық қызметі туралы тоқсан сайынғы есеп беруге қатысу;
  • Жоспар көрсеткіштерін филиал басшылығына және филиал бөлімшелеріне жеткізуді қамтамасыз ету. Күтілетін жұмыс көлемі мен кіріске байланысты негізгі қызмет түрлері бойынша шығыстар бюджетін және шығындар элементтерін түзету бойынша ұсыныстарды ұсыну;
  • Қоғамның мерзімді есептілігін, НОДГП-3 және құрылымдық бөлімшелер бойынша есептер жинағын (НОД-3, ВЧД-16, ТЧЭ-18, ТЧЭ-19) дайындауды бақылау;
  • Сапа менеджменті жүйесі құжаттарының және ISO 9001: 2001 халықаралық стандартының «Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар», OHSAS 18001:2007, «Еңбекті қорғау және қауіпсіздікті басқару жүйесі»;
  • Электрондық құжат айналымы жүйесі (ЭҚЖ) және электронды пошта арқылы алынған нұсқауларды орындау, ақпаратты уақтылы өңдеу, Серіктестіктің, филиал басшылығының нұсқауларын, басшылық бұйрықтары мен нұсқауларын беру.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: тиісті қызмет бейіні бойынша жоғары кәсіптік. Тиісті лауазым бейіні бойынша магистр дәрежесі/басқа (қалаулы) 
  • Мамандығы: Экономика; Басқару; Есеп және аудит; Қаржы; Әлемдік экономика;
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет саласында кемінде 3 жыл жұмыс, оның ішінде қызмет саласындағы басшылық лауазымдарда кемінде 1 жыл және/немесе қызмет саласындағы нормативтік/әдістемелік құжаттарды әзірлеуге/енгізуге қатысу тәжірибесі.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы