ісқағаздарын жүргізу жөніндегі менеджер

«Самұрық-Қазына Девелопмент» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
126

Қаралған саны:
2729

   Конкурс туралы
МІНДЕТТЕРІ:
1) келіп түсетін және жіберілетін хат-хабарларды уақтылы өңдеуді қамтамасыз етуге;
2) құжаттардың орындалу мерзімдерін және олардың дұрыс ресімделуін бақылауды жүзеге асыруға;
3) ағымдағы іс жүргізу құжаттарын, оның ішінде басшылықтың бұйрықтары мен өкімдерін тіркеу, есепке алу, сақтау және мұрағатқа беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға;
4) бөлімшелерде іс жүргізуді ұйымдастыруға әдістемелік басшылықты, істердің дұрыс қалыптасуын, сақталуын және мұрағатқа уақтылы тапсырылуын бақылауды жүзеге асыруға;
5) қажетті есепке алу және есеп беру құжаттарын жасауға міндетті;
6) Серіктестік істерінің номенклатурасын жасауға және жүргізуге;
7) серіктестіктің мұрағатын жүргізуге, ағымдағы сақтаудың белгіленген мерзімдері өткеннен кейін құжаттарды мұрағатқа сақтауға тапсыруға дайындауға;
8) серіктестікте тіл туралы қолданыстағы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етуге;
9) менеджердің лауазымдық міндеттерін орындауға қатысы бар құжаттарға бұрыштама қоюға және қол қоюға құқылы;
10) лауазымдық өкілеттіктер шегінде өзіне жүктелген міндеттер мен басшылық тапсырмаларының қатаң белгіленген мерзімде және тиісті сапада орындалуын қамтамасыз етуге міндетті;
11) басшылықтың хаттамалық және өзге де тапсырмаларының уақтылы орындалуын ұйымдастыруға;
12) Серіктестік қызметкерлеріне өз құзыреті шегінде жұмыс сапасын жақсарту жөнінде олардың ұсыныстарын әзірлеу жөнінде әдістемелік көмек көрсетуге;
13) өндірістік қажеттілік туындаған жағдайда басшылықтың өкімі бойынша еңбек заңнамасын сақтай отырып, жұмыс уақытынан тыс жұмысқа келуге және тікелей басшының нұсқауы бойынша өзге де жұмысты орындауға;
14) Еңбек және атқарушылық тәртіпті, әдеп қағидаларын сақтауға, техника қауіпсіздігі, еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария қағидаларын сақтауға;
15) өзінің лауазымдық міндеттерін орындауға байланысты өзіне белгілі болған серіктестіктің коммерциялық құпиясын, заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеуге;
16) еңбек шарты бұзылған/тоқтатылған кезде іс актісі бойынша қызметкерге есеп беруге берілген мүлікті тапсыруға құқылы.

ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР: 
жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) заң немесе гуманитарлық (филологиялық) білімі, іс жүргізу саласындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл, Мемлекеттік және орыс тілдерін еркін меңгерген.


ШАРТТАР:
Жұмыс орны: Астана қ.
Қабанбай батыр даңғылы, 47/2, "Alau Park" БО
Жұмыс уақыты: 5/2, сағат 09-00-ден 18-30-ға дейін.

Қажетті қабілеттер

  • - Коммуникабельность, ответственность, исполнитель

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Озат)