Қызметкерлермен жұмыс жүргізу және еңбекті нормалау басқармасы басшысы

"ШалкияЦинк" LTD АҚ Шалқия а.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
47

Қаралған саны:
1543

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • · Компания басшыларына/қызметкерлеріне персонал мен еңбек жағдайларына қатысты барлық мәселелер бойынша кеңес береді;

    · Компанияның штаттық деңгейін талдайды;

    · Қоғамның тиісті құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен бірлесіп ашық бос жұмыс орындарына үміткерлерге қойылатын талаптарды анықтайды;

    · Жаңадан қабылданған қызметкерлерді бейімдеу бойынша жеке бағдарламаның әзірленуін және орындалуын бақылайды;

    · Сынақ мерзімі аяқталғанға дейін қызметкермен және оның басшысымен апта сайынғы кездесу арқылы қызметкерлердің бейімделу процесін бақылайды;

    · Қоғамның құрылымдық бөлімшелері туралы ережені әзірлеуді бақылайды және үйлестіреді;

    · Лауазымдық нұсқаулықтарды әзірлеуді басқарады және оларды үйлестіреді;

    · Қоғам қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін орындауына бақылауды жүзеге асырады;

    · Жалғыз акционердің және мемлекеттік органдардың белгіленген есеп беру нысандары мен сұраныстарына сәйкес мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етеді;

    · Қызметкерлердің қызметін бағалау процесін ұйымдастырады және бақылайды;

    · Әкімшілік қызметкерлердің мақсаттарын түзету бойынша жұмыстарды үйлестіреді;

    · Әкімшілік қызметкерлердің есепті кезеңдегі (тоқсан/жартыжылдық) мақсаттарды орындау тиімділігін бақылайды;

    · Жылдағы жұмыс нәтижелері бойынша әкімшілік қызметкерлердің қызметін бағалау бойынша іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді;

    · Қызметкерлерді бағалау және аттестациялау әдістерін әзірлеу бойынша жұмысты ұйымдастырады;

    · Аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу бойынша кадрлық құжаттаманың уақытылы және дұрыс ресімделуін бақылайды;

    · Кадрларды оқыту қажеттілігін анықтау жұмыстарын ұйымдастырады;

    · Кадрларды оқыту және біліктілігін арттыру кестесін үйлестіреді;

    · Оқыту орталықтарымен, Корпоративтік орталықпен персоналды оқыту және олардың біліктілігін арттыру бойынша келісім-шарттар жасау бойынша өзара іс-қимыл жасайды;

    · Студенттік/оқу шарттарының уақытылы және дұрыс ресімделуін бақылайды;

    · Персоналды оқыту процесін ұйымдастырады және бақылайды;

    · Кадрлық резервті дайындау жұмыстарын ұйымдастырады;

    · Кадрлық резервпен жұмыс бағдарламасының орындалуын бақылайды;

    · Мирасқорлық жоспарларын, басқаруды ауыстыру жүйелерін әзірлеуді және олардың орындалуын бақылайды;

    · Бас директордың қарауына персоналды ротациялау туралы ұсыныстарды енгізеді;

    · Лауазымдарды талдау, сипаттау және бағалау, лауазымдар иерархиясын құру, лауазымдардың әрбір санаты (разрядтық лауазымдар) бойынша еңбекақы төлеу саясатын ескере отырып, еңбекақы мөлшерлемелерін есептеу жұмысын ұйымдастырады;

    · Еңбек нарығындағы қызметкерлердің жалақы деңгейінің бәсекеге қабілеттілігін талдау бойынша жұмысты ұйымдастырады;

    · Қоғамның ұйымдық құрылымын әзірлеу және өзгерту бойынша жұмысты басқарады;

    · Штаттық кестелерді әзірлеуді басқарады, штат деңгейін негіздейді және үйлестіреді;

    · Қызметкерлер тәртібінің сақталуын қадағалайды;

    · Қоғамды еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету бөлігінде бизнес-жоспарларды әзірлеуді басқарады, ұсыныстарды қалыптастырады және кадрлар деңгейін оңтайландыру жобаларына қатысады;

Талаптар:

  • Экономика/құқық/персоналды басқару/менеджмент саласындағы жоғары кәсіби білім;
  • Жұмыс өтілі 7 (жеті) жылдан кем емес, персоналды басқару саласында 5 жылдан кем емес, басшы лауазымдарда кемінде 3 (үш) жыл.
  • Мемлекеттік және орыс тілдерін еркін меңгеру.
  • Персоналды басқару саласында (курстар, семинарлар, тренингтер) кәсіби дамуды растайтын дипломдар мен сертификаттардың болғаны дұрыс.

Шарттары:

  • Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмысқа орналастыру (конкурстық негізде);
  • Бес күндік жұмыс аптасы.
  • Жұмыс орны: Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Шалқия ауылы (Шалқия кеніші);
  • Тұрғын үймен қамтамасыз ету.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр