Бериллий өндірісі 4 разрядты бақылау-өлшеуші аспаптар және автоматика жөніндегі слесарі

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
266

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

- күрделі электромагнитті, электродинамикалық, жылуөлшегіш, оптико-механикалық, есептік, автоматикалық, пиротехникалық, радиоөлшеуші құралдармен детальдарі мен түйіндері келтірілген басқа аспаптарды жөндеу, реттеу, сынау, дәлдеу, монтаждау және тапсыру. Нақтылық класы 0,5 және жоғары электрөлшеуші аспаптарды қосу және өтеуші әдіспен тексеру. Арнайы аппаратураны және орташа күрделі ЭЕМ аппаратурасын электрлік реттеу, әртүрлі қорек көздерін реттеу. Бақылау-өлшеуші аспаптарды сызбаға қосумен және осциллограмма шешумен қолдана отырып, аппаратураның жұмысқа қабілеттелегін толық тексеру. Желелік қорғау құралдарын, электроавтоматиканы, телемеханиканы баптау және қосу. Жөнделетін аспаптардың ақауларын анықтау және жою. 7-10 квалитет бойынша детальдарды слесарльі өңдеу және тісті қысқыштарды жинақтау. Күрделі қосылыс сызбаларын құру және монтаждау. Аспаптарды тексеру және сынау кезінде абсолютті және салыстырмалы ақауларды есептеу. Ақау тізілімін құру және аспаптар мен автоматика құралдарына паспорттар мен аттестаттарды толтыру.

Білім:

Орташа кәсіби білімнен төмен емес

Дағдылар:

Білуі тиіс: жөндейтін және дәлдейтін күрделі аспаптардың, механизмдердің, аппараттардың, құрылымы, жұмыс принципін және баптау тәсілдерін, бақылау-өлшеуші аспаптар мен бақылау-дәлдегіш құралдардың тағайындалуы мен баптау тәсілдерін, кинематиканы, электр сызбаларын және жұмыс істейтін аспаптарды тексеру әдістерін, аспаптарды тексеруге арналған құралдар мен құрылғыларды пайдалану ережелері, реттелген радиоэлектронды құрылғыларын сынау және тапсыру ережелерін, реттелетін аппаратураға кесте құрау және осциллограмм, электр сызбаларын, арнайы аппаратураның блоктарын тексеру әдістерін, аспаптар мен құралдарды реттеу және градирлеу тәсілдері, оларды сынау кезінде сипаттама алу ережелерін, кедергіні есептеу ережелерін, күрделі қосылыстар сызбаларын, аспаптарды тексеру және сынау кезінде абсолютті және салыстырмалы ауытқуды есептеу ережелері, жылу және электр сызбалары мен сызықтарының белгілерін, тексерілетін өлшеу аспаптарына стандарт, нұсқаулық және әдістеме талаптарын, рұқсат және орналастыру жүйесін, бедерлік квалитеті және көрсеткіштері, орындалатын жұмысы шегінде механика, радиотехника, жылутехника, электротехника және электроника бойынша негізгі мәлеметтер.

Қосымша:

Болжамды еңбек ақы мөлшері: 4 разряд 176 015 теңгеден бастап. - «ҮМЗ» АҚ-да қолданыстағы жалақы төлеу жөніндегі ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес сыйлықақылар мен сыйақылар, оның ішінде: - жыл бойы мерекелік даталарға арналған сыйлықтар (Наурыз мейрамы, Қазақстан халқының бірлігі мерекесі, Республика күні, Атом саласы қызметкерлер күніне 2,5 ЕТЖ мөлшерінде); - қызметтің негізгі көрсеткіштерін орындауды негізге ала отырып, «ҮМЗ» АҚ-ның бір жылдағы жұмыс нәтижелері бойынша сыйақы (бір лауазымдық жалақы мөлшерінде); - 2 лауазымдық жалақы мөлшерінде демалысқа материалдық көмек; - жыл сайынғы кірістерді индекстеу (инфляцияның ресми деңгейі мөлшерінде, бірақ 7% - дан аспауы тиіс); - «ҮМЗ» АҚ Ұжымдық шартына сәйкес жеңілдіктер мен өтемақылар.

Білетін тілдер:

-