Орал мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің бастығы

от 260078
Филиал АО «НК «ҚТЖ» - «Многофункциональный центр обслуживания» Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
5

Қаралған саны:
200

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • МЕӨҚҚ командалық құрамын қызметтік даярлауды жоспарлау, ұйымдастыру, кадрларды орналастыру бойынша ұсыныстар дайындау, МЕӨҚҚ қызметкерлерінің іскерлік, моральдық қасиеттерін зерделеу және білу;
  • өрт сөндіру поездарының, өрт техникасы мен өрт-техникалық жабдықтарының тактикалық-техникалық деректерін, өртке қарсы  қызметін регламенттейтін нормативтік актілерді және өрт қауіпсіздігі нормаларының талаптарын білу;
  • өндірістегі оқиғаларды тергеуге қатысу, МЕӨҚҚ бөлімшелері қызметкерлерінің еңбек тәртібін бұзушылықтарын талдау, себептерін анықтау және оларды жою шараларын қабылдау;
  • сынақтарға, өрт қорғаудың жаңа, тиімді құралдарын енгізуге, МЕӨҚҚ бөлімшелерінде рационализаторлық ұсыныстарды әзірлеуге қатысу;
  • өртке қарсы насихаттау жұмысын жүргізу, өрт қауіпсіздігі талаптарын зерделеу бойынша компания кәсіпорындарына, ИТҚ (ИТР) қызметкерлерді оқытуды ұйымдастырудағы  көмек көрсету;
  • компания объектілері мен жылжымалы құрамының нысаналарына белгіленген мерзімде негізгі бақылау және жоспардан тыс ӨТТ (ПТО) ұйымдастыру және өткізу;
  • Өрт-профилактикалық жұмыстың есеп-талдауын, тексеру кестесін, объектілердің және жылжымалы құрамның өртке қарсы жай-күйін жақсартуға бағытталған іс-шараларды бақылау;
  • жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі мен өндірістік санитария талаптарын сақтау;
  • өрттерді есепке алуды, өрттерді қызметтік тексеруді бақылау, өрттердің туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған материалдарды, іс-шараларды уақтылы және сапалы дайындауды қамтамасыз ету;
  • жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді ұйымдастыру және оған қатысу, МЕӨҚҚ қызметкерлерінің еңбек тәртібін бұзушылықтарын талдау, себептерін анықтау және оларды жою үшін шаралар қабылдау;
  • МӨҚҚ өкілдерінің сынақтарға қатысуын қамтамасыз ету, өрттен қорғаудың жаңа, тиімді құралдарын енгізу, МЕӨҚҚ бөлімшелерінде рационализаторлық ұсыныстарды әзірлеуге қатысу.
  • МЕӨҚҚ бойынша өрт-алдын алу жұмыстарының есебін дайындауды ұйымдастыру және ӨСОА-на (ЦПОЖ) ұсыну.
  • ТЖД, ҰҚК, ІІД аумақтық органдарымен террористік қатерлерге қарсы іс-қимыл, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі жаттығуларға қатысу.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: Өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), арнайы дайындық.
  • Мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі: Міндетті: көлік техникасы мен технологиялары (көтеру-көлік, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтары, вагондар); өрт қауіпсіздігі; Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі)
  • Жалпы жұмыс тәжірибесі: өрт қауіпсіздігі жөніндегі басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы