"Қазтеміртранс"АҚ Семей филиалы директорының пайдалану жұмысы жөніндегі орынбасары

от 522456
АО "Қазтеміртранс" Семей қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
9

Қаралған саны:
128

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Жүк вагондары паркін оңтайлы пайдалануды және жүк вагондары үшін белгіленген табыстылық параметрлеріне қол жеткізуді ұйымдастырады және бақылайды;
  • Металл сынықтарын дұрыс есептен шығару есебін жүргізеді және бақылайды;
  • Жылжымалы құрамның қауіпсіздігін есепке алуды жүргізеді;
  • Жылжымалы құрамды жөндеудің орындалуын және сапасын бақылауды ұйымдастырады;
  • Филиалдың жүк жөнелтушілермен/жүк алушылармен, жылжымалы құрам иелерімен өзара іс-қимылын ұйымдастырады;
  • Жүк вагоны операторының қызметтерін жүзеге асырудың перспективалық және ағымдағы жоспарларын қалыптастырады;
  • Республикаішілік, импорттық, экспорттық және транзиттік тасымалдарда вагон операторының қызметтерін көрсетуді бақылайды;
  • Тасымалдау процесінің құнын төмендетуді бақылайды;

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары
  • Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиясы (вагондар); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (ТЖ көлігі).
  • Жұмыс тәжірибесі: мамандық бойынша қызмет бейіні бойынша кемінде 5 жыл, оның ішінде қызмет бейіні бойынша басшылық лауазымдарда және/немесе қызмет ауқымы, күрделілігі және кіріс көлемі бойынша "ҚТЖ "ҰК"АҚ компаниясының тобымен салыстырылатын компанияларда кемінде 3 жыл.мша талаптар:

Қажеттілігі: Магистр дәрежесі немесе лауазымның сәйкес бейіні бойынша кандидат, ғылым докторы ғылыми дәрежесі/МВА;
Мемлекеттік және орыс тілдерін білу;

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр