НУК ТҚКП-нің вагон қараушы жөндеушісі

214000 - 217000
ВЧД-24 ЗАЩИТИНСКОЕ ЭКСПЛУАТАЦИОННОЕ ВАГОННОЕ ДЕПО 3 группа Шығыс Қазақстан облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
107

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

6-санатты вагон қараушы жөндеушісі  өз жұмысында осы лауазымдық нұсқаулықты, Темір жолдарды техникалық пайдалану Ережелерін, темір жолдарда сигнал беру жөніндегі Нұсқаулықтарды,  пойыздар қозғалысы және темір жолдардағы маневрлік жұмыстар жөніндегі Нұсқаулықты, тежегіш жабдығына техникалық қызмет көрсету және темір жол жылжымалы құрамының тежегіштерін бақылау Ережелерін, вагон жұпты доңғалақтарын тексеру, барлау, жөндеу және қалыптастыру жөніндегі Нұсқаулықты, роликті мойынтіректері бар вагон буксысының қораптарын пайдалану және жөндеу жөніндегі Нұсқаулықты, Өскемен-1 станциясының ТТА,  Өскемен-1 ТҚКП жұмысының технологиялық Үдерісін,  вагон қараушылар мен жылжымалы құрамды жөндеу слесарларына арналған еңбек қауіпсіздігі жөніндегі Нұсқаулықты, ағытпалы ажырату жөндеу бойынша Нұсқаулықты, 808-2022 ПКБ-ЦВ вагон қараушысы Нұсқаулығын, техникалық қызмет көрсету пунктінің стандартты технологиялық Процесін,  қауіпті жүктер тиелген вагондарға техникалық қызмет көрсету және ағытпай жөндеу кезінде, ағытпалы ажырату жөндеу кезінде жұмыстарды қауіпсіз жүргізу Тәртібін», жергілікті Нұсқауларды, заңнамаларды және басқа да өзінің кәсіби қызметіне қатысты ҚТЖ-«Жүк тасымалы»- ЖШС жергілікті актілерін басшылыққа алады.

Біліктілік талаптары:

Білімі: Белгіленген бағдарлама бойынша орта және арнайы дайындық.
жұмыс тәжірибесіне талаптарсыз

Қосымша талаптар:

Қозғалыстағы пойыздың вагондарын тексеру, доңғалақ жұптарының сырғанау бетіндегі, букстық тораптардағы, арбалардағы айналмалы беттеріндегі ықтимал ақауларды сыртқы белгілер бойынша анықтау, жеке вагондардың босатылмаған тежегіштерін және генератор жетегінің жұмысын анықтау

Қажетті қабілеттер

  • 5-й разряд осмотрщик-ремонтник вагонов

Қажетті білім дәрежесі

  • Техникалық және кәсіптік білім беру