Қойма шаруашылығы тепловоз машинисті
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Лауазымдық жауапкершілік:
Білуі тиіс: Тепловоздың құрылғысы, техникалық сипаттамалары, оны басқару ережелері; пайдалану процесінде тепловозды күту және ұстау тәртібі; тежегіштің құрылғысы және басқару технологиясы; теміржол профилі; жұмыс істейтін учаскеде жол белгілері; теміржол жолдарының сызбалары; Жылжымалы құрамды тіркестіру және ажырату ережелері, пайдалану процесінде локомотивтерді техникалық күту нұсқаулықтары; отынды тиімді пайдаланудың негізгі тәртіптері; электр, пневматикалық, гидравликалық және механикалық жабдықтың жұмыс жасауында ақаулықтарды анықтау және жою тәсілдері; теміржолдарды техникалық пайдалану ережелері; поездардың қозғалуы және темір жолдарда маневрлік жұмыстар жүргізу бойынша нұсқаулық; темір жолдарда дабыл бойынша нұсқаулықтар және орындалатын жұмыс шеңберіне жататын басқа нормативтік актілер; Жүкті және жолаушыларды тасымалдауға қойылатын негізгі талаптар; стандартты емес жағдайларды әрекет ету тәртібі; Қызмет етілетін темір жол станциялары мен учаскелердің техникалық-тарату актілері, автоматика және байланыс құралдарының жұмыс және пайдалану тәртібі; тежегіш башмакты пайдалану ережелері; поездардың қозғалу кестесі; электротехника негіздері. Кәсіби даярлық және тепловозды басқаруға куәліктің болуы қажет.Білім:
Орта (кәсіптік және техникалық)Дағдылар:
Істей алуы тиіс: теміржол профиліне, поездің салмағына байланысты, поездың қозғалу кестесін сақтай отырып, тепловозды басқару және белгіленген жылдамдықпен жүргізу, жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздігін және қызмет ету мәдениетін қамтамасыз ету, жүктің және жылжымалы құрамның сақталуын қамтамасыз ету. Дизель отынын минималды шығындаумен поезды жүргізудің рауалы режимін қамтамасыз ету. Тепловозды қабылдау және тапсыру: негізгі агрегаттардың, түйіндердің, жүйелердің, электр, механикалық, тежегіш және қосалқы жабдықты, бақылау-өлшегіш аспаптарды, радиобайланыс құралдарын, құмды беру құрылғыларының жұмысын тексеру. Тепловозды жұмысқа дайындау және оны жабдықтау. Тепловоздың құрамның бірінші вагонымен дұрыс тіркелуін және ауа түтіктерін қосуды тексеру, сонымен қатар олардың арасындағы ұштық крандарды ашу. Тепловоздың тежегіш жабдығының жұмысын және дұрыстығын тексеру. Темір жол жолының бос екендігін бақылау, контактты желіні, қарсы поездардың болуын, бағдардың дұрыс дайындалғандығын, бағдаршамның белгісін, сигнал белгілерді, поездың қозғалу процесінде бағыттағыштарды, ьеміржол көлігінің қызметкерлері беретін белгілерді бақылау және байқау, оларды машинист көмекшісімен қайталау және орындау. Белгіленген сигнал беру, нормативтік актілерге сәйкес поездардың қозғалысын ұйымдастыруға жауапты тұлағаларды жедел бөлуді орындау . Белгіленген реглементке сәйкес келіссөз құрылғысы бойынша келіссөз жүргізу. Тепловоз машинисті үшін нормативтік актімен белгіленген жұмыстар тізбесіне сәйкес тепловозды техникалық қызмет көрсетуді жүргізу. Аспаптар бойынша және электр, механикалық, тежегіш жабдықты, бақылау-өлшегіш аспаптарды, радиобайланыс жабдықтары мен дөңгелек жұптарына құмды беру құрылғысын жолда жүру кезінде көзбен қарап бақылау. Поездың байыпты жүрісін, жолаушыларды түсіру, поездға отыру, тасымалдау кезінде қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Аралық станцияларда поезд тоқтағанда тепловоздың механикалық бөлігін, буксир түйіндерін, дөңгелек жұптарын тексеру. Жалпы және жалпы емес тағайындалған жолдарда әртүрлі маневрлық жұмыстарды орындау. Сорттау тауынан не профильденген тарту жолынан жүк вагондарын түсіруді жүргізу, жүктік және техникалық операциялар пункттерінде тиеп-түсіру фронттары бойынша вагондарды қою, маневрлік жұмыстарды орындау кезінде құрамды құрамдау және бөлшектеу. Локомотивті бригада жұмысының регламентімен белгіленген көлемде жұмыс істеу барысында пайда болған тепловозда не вагон құрамындағы ақауларды жою, жою мүмкін болмаған жағдайда – қауіпсіз қозғалуы үшін поезд алып тұрған темір жол учаскесін босату үшін қажетті шаралар қолдану. Кенеттен кедергі пайда болғанда не кенеттен тоқтау туралы дабыл келгенде поезды тоқтату үшін шұғыл тежеу қолдану. Тепловоз машистінің көмекшісі болмаған жағдайда оның функцияларын нұсқаулықтарға сәйкес орындау. Тепловоз машинистінің көмекшісін оқыту, сонымен қатар «Тепловоз машинистінің көмекшісі» мамандығы бойынша оқыған тұлғаларға стажировка өткізу, тепловозды күтудің тиімді тәсілдері мен әдістеріне, пайдалану және басқару тәсілдеріне үйрету.Қосымша:
жарақат алу қаупі бар факторлардың әсерімен байланысты зиянды: қозғалып келе жатқан жылжымалы құрам, шуыл, діріл және химиялық заттардың әсері: оксидтер, көміртек, азот, альдегидтер және мұнай өнімдеріБілетін тілдер:
-Ұқсас вакансиялар
4-6 разрядты жөндеуші (2 бірлік) «МАШЗАВОД» ЖШС, Өскемен қ.
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Өскемен қ.
23.11.2024 | 289
Электр-газбен дәнекерлеуші 3-4-5 разрядтары (1 бірлік), «МАШЗАВОД» ЖШС, Өскемен қ.
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Өскемен қ.
23.11.2024 | 275
Уран өндірісінің "Р" цехы 4-разрядты аппаратшы
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Өскемен қ.
23.11.2024 | 386