«Қазтемiртранс» АҚ Атырау филиалының жетекші жүкті тиеу және түсіру инженер-технологы

от 402430
АО "Қазтеміртранс" Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
31

Қаралған саны:
472

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Қоғамның жүк вагондарының тәуліктік жиынтық теңгерімі, «ҚТЖ»ҰК» АҚ филиалы -«ЖТ бөлімшелері» қызметінің шектерінде келген және жөнелтілген жүк вагондардың санын көрсетуімен;
  • Қоғамның жеке вагондарының жіберілуін қамтамасыз ету;
  • Басқа бөлімшелерден келіп түсетін вагондардың дислокациясы бойынша бақылау жасау;
  • Жүк жөнелтушімен берілген он күндік өтінімнің негізінде вагондарды операциялауға және экспедициялауға жасақталған келісімдеріне сай вагондарды тарату;
  • Жүк жөнелтушілерге жүк тиеуге вагондардың жіберілуін қамтамасыз етілуін бақылау;
  • АСУ ДКР жүйесінде бос вагондарды уақтылы рәсімделуіне бақылау жасау;
  • Жұмыс барысында бөлім жұмысшыларымен ақаулықтарға жол берілген жағдайларды талдау бойынша жедел кеңес жүргізу;
  • Ұзақ уақыт бойына тұрып қалған вагондар (жабық, платформалар, стансалық жолдарда тұрып қалған жартылай вагондар) жөніндегі сұрақтардың шешімін бақылау.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары
  • Мамандығы: Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (темір жол көлігі); Темір жол көлігіндегі жүк және коммерциялық жұмыс
  • Жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан астам.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы