Қауіпсіздікті қамтамасыз ету отряды инженерлік-техникалық күзет құралдарды учаскесінің өндірістік нысандарды пайдалану жөніндегі инженер (санаты жоқ) (заявка №19-07-04/1172 от 11.06.2024), 1ед., г.Усть-Каменогорск

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
6

Қаралған саны:
168

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

- Бөлімшеге бекітілген, оның ішінде жалға берілген инженерлік күзет құралдарын, ғимараттар мен құрылыстарды (бұдан әрі мәтін бойынша – объектілер) тиісінше және дұрыс пайдалануды, сондай-ақ «ҮМЗ» АҚ-да қолданылып жүрген нормативтік құжаттарға сәйкес олардың жарамды жай-күйін қамтамасыз етеді. - Объектілердің құрамына кіретін немесе объектіге бекітілген жабдықтың (техникалық күзет құралдарының жабдығын қоспағанда) тиісінше және дұрыс пайдаланылуын қамтамасыз етеді. - Объектілерді жөндеудің әртүрлі түрлерінің перспективалық және ағымдағы жоспарларын (кестелерін), сондай-ақ пайдалану мен қызмет көрсетуді жақсарту жөніндегі шараларды әзірлеуді жүзеге асырады. - Жабдықты уақтылы жөндеу және жөндеуді қамтамасыз ететін кешенді регламенттелген қызмет көрсету жүйелерін енгізуді ықпал етеді. - Жабдықтың техникалық жай-күйін, жөндеу жұмыстарының сапасын тексеруге, сондай-ақ объектілерге жататын бөлімшеге жаңадан келіп түсетін жабдықты қабылдауға қатысады. - Жөндеу жұмыстарын дайындауды ұйымдастырады, объектілерге жататын жабдықтарды жөндеу үшін қосалқы бөлшектердің қажеттілігін анықтайды. - Объектілерге қызмет көрсету мен жөндеуді ұйымдастыруды жетілдіруге, жөндеу жұмыстарының еңбек сыйымдылығы мен құнын төмендетуге, олардың сапасын жақсартуға, негізгі құралдарды пайдалану тиімділігін арттыруға (тозуға төзімділікті арттыру және жабдықтың тоқтап қалуын азайту) бағытталған іс-шараларды әзірлейді. - Негізгі құрылыс, қайта жаңарту, ағымдағы жөндеу, объектілерге техникалық қызмет көрсету және күтіп ұстау бойынша жұмыстардың орындалу барысына және жұмыс көлемінің игерілуіне тұрақты бақылауды жүзеге асырады. - Жоспарланған жылға объектілерді ағымдағы мерзімді тексеру кестелерін әзірлейді және белгіленген мерзімде «ҮМЗ» АҚ тиісті бөлімшесіне кестелердің көшірмелерін ұсынады. - Объектілерге күнделікті бақылаулар жүргізеді және қажет болған жағдайда техникалық пайдалану жөніндегі журналға жазбалар енгізеді. - Объектілерді жалпы техникалық (көктемгі және күзгі) тексеру жөніндегі комиссияға қатысады. - Объектілерді кезектен тыс тексеру жөніндегі комиссияны ұйымдастырады және оған қатысады. - Объектілерді жедел элементтік және белгіленген мерзімде ағымдағы мерзімді тексеруді ұйымдастырады және жүргізеді. - Жабдықтың тозуының, апаттарының және тоқтап қалуының себептерін талдайды және олардың себептерін тексеруге қатысады. - Объектілердің ақаулығына байланысты кез келген қауіпті факторларды бірінші кезекте жою жөнінде шаралар қабылдайды. - Жобалау-сметалық құжаттаманы, объектілер бойынша басқа да құжаттаманы зерделейді. - Объектілер бойынша паспорттар мен техникалық журналдарды уақтылы және дұрыс құрастырады және толтырады. - Техникалық және техникалық-экономикалық негіздемелер мен есептеулерді, қолданыстағы немесе жаңадан енгізілетін күзет және физикалық қорғау инженерлік құралдарын жетілдіру бойынша жобалауға қойылатын техникалық талаптарды немесе тапсырмаларды, сондай-ақ жауапкершілікті ажыратуға қатысты құжаттарды уақтылы әзірлейді (өз құзыреті саласында). - Объектілерді жөндеу, техникалық қызмет көрсету және пайдалану шығындарын уақтылы жоспарлау және есепке алу үшін құжаттарды дайындайды. - «ҮМЗ» АҚ бөлімшелерімен объектілерге қызмет көрсетуге және жөндеуге жылдық өтінім-шарттарды және ай сайынғы өтінімдерді ресімдейді. - Объектілерді пайдалану бойынша қажетті нұсқаулықтарды (іс-шараларды) әзірлейді. - Кезектен тыс тексеру жүргізуге бастамашылық жасайды және объектілерді тексерудің барлық түрлері бойынша комиссияларға қатысады. - Объектілердің авариялық зақымдану себептерін тергеуге және құжаттамалық ресімдеуге қатысады, олардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлейді. - Жасырын жұмыстарды, сондай-ақ объектілердің немесе оның бір бөлігінің орнықтылығы мен беріктігі орындалу сапасына байланысты болатын жұмыстарды аралық қабылдауды және куәландыруды ұйымдастырады және оған қатысады. - Зауыт немесе бөлімше бойынша бұйрыққа сәйкес, объектілерге жататын бөлімшенің энергия шаруашылығына, электр қондырғыларына және механикалық жабдықтарына жауапты тұлғаның міндеттерін орындайды. - Объектілерді пайдалану және жөндеу жөніндегі құжаттаманы «ҮМЗ» АҚ тиісті қызметтері мен бөлімдеріне уақтылы ұсынады. - Объектілерді пайдалану кезінде өртке қарсы нормалар мен ережелердің талаптарын сақтайды. - Объектілердің жай-күйіне немесе пайдаланылуына қатысты кемшіліктер немесе анықталған бұзушылықтар туралы тікелей басшыға және бөлімше жетекшісіне уақтылы хабар береді. - Объектілерде анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою бойынша уақтылы шаралар қабылдайды. - Жұмыстар мен қызметтердегі жергілікті қамтуды дамытуға қатысады. - Пайдалану жөніндегі инженерге бекітілген негізгі құралдар мен материалдық құндылықтардың есебі мен сақталуын қамтамасыз етеді. - Жұмыс берушінің тиісті актісі негізінде «ҮМЗ» АҚ-да белгіленген тәртіпте персоналды оқытуды жүзеге асырады. - Жоғары тұрған басшылықтың және өзінің тікелей басшысының бұйрықтарын, өкімдерін, қызметтік тапсырмалары мен нұсқауларын орындайды. Құпиялылық режимі, өткізу және нысанішілік режимі, қызметтік, мемлекеттік және коммерциялық құпияны сақтау, ақпараттық қауіпсіздік, еңбек және өндірістік тәртіп талаптарын сақтайды. - «ҮМЗ» АҚ еңбек тәртібі ережелерін сақтайды. - РД ОПБиОТ №14.025 сәйкес өндірістік қауіпсіздік саласындағы міндеттерді орындайды.

Білім:

- Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) техникалық - Орта техникалық және кәсіби

Дағдылар:

- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі; - Экономика, менеджмент, ұйымдастыру және еңбекақы төлеу негіздері; - менеджмент жүйесінің негіздері (СМЖ, ҚОМЖ, ДҚжЕҚҚМЖ, ЭНМЖ); - құжаттау және құжаттаманы басқару ережелері; - «ҮМЗ» АҚ еңбек тәртібі ережесі(ішкі жұмысшыларға қойылатын талап);; - өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндіріс мәдениеті жөніндегі қағидалардың, нормалары мен нұсқаулықтардың талаптары; - құпиялылық режимінің, мемлекеттік, қызметтік және коммерциялық құпияларды сақтаудың, ақпараттық қауіпсіздіктің талаптары, нысанішілік және өткізу режимінің талаптары; - пайдалану жөніндегі инженердің қызметіне қатысты «ҮМЗ» АҚ электрондық базаларында жұмыс істеу, шарттар жасау және жасасу, өз қызметі саласында жылдық, ай сайынғы өтінімдерді қалыптастыру тәртібі(ішкі жұмысшыларға қойылатын талап);; - нысандарды пайдалану саласындағы нормативтік құжаттама; - ядролық материалдар мен ядролық қондырғыларды, иондаушы сәулелер көздерін физикалық қорғау қағидалар талаптары.

Қосымша:

Еңбек жағдайларының сипаттамасы қалыпты еңбек жағдайлары Жұмыс режимі және демалыс: - аптасына 40 сағаттық, бес күндік жұмыс аптасы және демалыс күндері сенбі, жексенбі. Болжамды еңбек ақы мөлшері: санаты жоқ 179 787 тг бастап

Білетін тілдер:

-