"KEGOC" АҚ "Ақтөбе ЖЭТ" филиалының Қауіпсіздік жөніндегі жетекші маманы

322600 - 322600 KZT
"KEGOC" АҚ Ақтөбе қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
21

Қаралған саны:
561

   Конкурс туралы

Лауазымдық (функционалдық) міндеттері:

  •  тікелей «Ақтөбе ЖЭТ» филиалында қауіпсіздікті бақылауды жүзеге асырады;
  • жасалған шартқа сәйкес бөгде ұйымдардың филиал нысандарының күзету жұмысын үйлестіреді;
  • филиал басшыларының және «KEGOС» АҚ Атқарушы дирекциясының Қауіпсіздік департаментінің бұйрығымен іссапарға шығу;
  • «Ақтөбе ЖЭТ» филиалының энергетикалық нысандарындағы оқиғалар туралы мәліметтерді жинау және талдау;
  • бөгде ұйымдар көрсететін күзет қызметтері бойынша шығындардың бюджетін қалыптастыру үшін есептеулерге қатысу;
  • филиалдың нысандарын қорғау бойынша бөгде ұйымдармен келісімшарттар жасау үшін құжаттаманы әзірлеуге және дайындауға қатысу;
  • филиалдың энергетикалық объектілерін қорғау бойынша қызметтерді сатып алу жөнінде конкурстарды дайындауға және өткізуге қатысу;
  • «Ақтөбе ЖЭТ» филиалы қызметкерлерінің құпиялылық режимін сақтауын және қызметтік құпияны жарияламауын бақылау;
  • өз құзыреті шегінде құқық қорғау органдарымен және басқа да бақылаушы органдармен байланыста болу;
  • тікелей филиалда қауіпсіздік мәселелері бойынша құжаттарды жүргізу;
  • «KEGOС» АҚ Атқарушы дирекциясының Күзет департаментінің бас менеджеріне қауіпсіздік мәселелері бойынша жұмыстың жай-күйі туралы белгіленген тәртіппен күнделікті есеп беру;
  • филиал директорына және «KEGOС» АҚ Атқарушы дирекциясының Қауіпсіздік департаментінің бас менеджеріне белгіленген тәртіппен орын алған оқиға туралы дереу хабарлау;
  • тауар-материалдық құндылықтарды есептен шығару актілерін зерттеу, қажет болған жағдайда филиалдың мүдделі бөлімшелерімен бірлесіп тексеруге қатысу;
  • филиалға келтірілген экономикалық зиянның орнын толтыру шараларын қабылдау;
  • «Ақтөбе ЖЭТ» филиалының бөлімшелерімен бірлесіп филиал объектілерінің қауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша іс-шараларды дайындау;
  • берілген тапсырмалар негізінде басқа да функцияларды орындау;
  • қауіпсіздік жөніндегі жетекші маманы жетекшілік ететін мәселелер бойынша қаржыландыру жоспарын қалыптастырады;
  • көрсетілген қызметтер үшін төлемге шот-фактураларды береді;
  • жетекшілік ететін қаржылық жайғасымы бойынша бюджетті қалыптастыруға қатысады;
  • «KEGOC» АҚ «Ақтөбе ЖЭТ» филиалы директорының және «KEGOC» АҚ ҚД бас менеджерінің қауіпсіздік жөніндегі жетекші маманының құзыретіне кіретін басқа да тапсырмаларын орындайды;
  • филиалдың меншігін және экономикалық мүдделерін қорғау жұмыстарын ұйымдастыру;
  • қызметтік (коммерциялық) құпияны құрайтын ақпаратты қорғау бойынша жұмысты ұйымдастыру;
  • филиал және оның қызметкерлерінің қылмыстық шабуылдардан қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және т.б үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттесу;
  • бейнебақылау жүйесін және периметрін күзетуді жөндеу және техникалық қызмет көрсету қажеттіліктеріне арналған шығындарды жоспарлау және орындау;
  • қызметтерді сатып алу бойынша шарттарды сүйемелдеу (жетекшілік ететін шарттар бойынша), шарт талаптарының орындалуын бақылау, қосымша келісімдер жасау;
  • «KEGOС» АҚ Ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің қызметкерлерімен өзара әрекеттесу;
  • ақпараттық қауіпсіздік инциденттерін тергеуге қатысу;
  • ақпараттық қауіпсіздіктің ішкі аудитті жүргізуге қатысу;
  • ақпараттық қауіпсіздік ІНҚ талаптарының орындалуын бақылау;
  • тақырыптық сабақтарды ұйымдастыруға және өткізуге, сондай-ақ соңғы пайдаланушыларға оқу материалдарын, нұсқаулар мен ескертулерді таратуға қатысу;
  • ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін іске қосу және қабылдауға қатысу;
  • «KEGOС» АҚ Ақпараттық қауіпсіздік бөлімі өткізетін басқа да іс-шараларға қатысу.

Талаптар:
  • Жоғары (экономикалық немесе құқықтық) білімі;
  • Электр энергетикасы саласында және ішкі істер органдарында тиісті лауазымда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі;
  • MS Office, Outlook қуатты пайдаланушысы;
  • қазақ, орыс тілдерін білу.

Түйіндемені тапсырудың соңғы мерзімі 2024 жылдың 16-18 қыркүйек аралығында

Қажетті қабілеттер

  • * грамотная речь,
  • * Профессионализм в своей деятельности и стремление повышать свой профессиональный уровень;
  • * Умение работать в команде;
  • - Пунктуальность, высокая ответственность при исполнении поручении;
  • * Дисциплинированность и ответсвенность

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Кәсіби)