Курчатов тау-кен байыту комбинаты бастығының техникалық оқыту жөніндегі орынбасары (11.06.2024 ж. No 76-17-17/1188) – 1 бірлік.

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
101

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

«ҮМЗ»АҚ ТКБК энергетикалық, механикалық, технологиялық, жүк көтергіш жабдықтарының, өткізу құрылғыларының жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз етеді. Жабдықты жөндеу сапасын және мерзімін қысқартуды қамтамасыз етеді. «ҮМЗ»АҚ ТКБК бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматтандыру құралдарына техникалық қызмет көрсетуді, реттеуді, жөндеуді және пайдалануды ұйымдастырады. «ҮМЗ» АҚ ТКБК туындаған қажеттілікке сәйкес қажетті технологиялық жабдықтармен және құрылғылармен қамтамасыз етеді. «ҮМЗ» АҚ ТКБК өнертапқыштық және рационализаторлық жұмысты ұйымдастырады, жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету технологиясын ұйымдастыру мен оған ғылыми-техникалық прогрестің жаңа жетістіктерін енгізеді. Қажетті техникалық құжаттаманы әзірлеуді ұйымдастырады (қызметтің жауапкершілігі саласында). Өз құзыреті шегінде еңбек және отын-энергетика ресурстарын тиімді пайдалануды ұйымдастырады. Қолданыстағы технологиялық процесті жетілдіруге техникалық қатысады. Жаңа техниканы, озық қалдығы аз және ресурс үнемдейтін технологиялар мен жабдықтарды игереді (қызметтің жауапкершілік аймағында). ТҚ және ТЭН әзірлеуді ұйымдастырады. Жобалау - конструкторлық және басқа да бөлімшелермен, оның ішінде бөгде ұйымдармен (қызметтің жауапкершілік аймағында) бірлескен жұмыс жүргізеді. Жұмысты ұйымдастырады және қызметте ТМҚ есепке алу жүйесін жетілдіреді, қажетті нормативтік құжаттаманы әзірлейді. Өз құзыреті саласында қолданыстағы оқу бағдарламалық кешеніне құжаттарды жүргізуді және деректерді енгізуді жүзеге асырады. Қызметте ақпараттық өзара іс-қимылды белгілейді (жедел кеңестер, іс-шараларды орындау жөніндегі ақпарат). Бағынышты қызметті басқаруды және жетілдіруді жүзеге асырады. Қол астындағылардың қызмет нәтижелерінің сапасын жақсартуды, шешімдер қабылдаудың жеделдігін арттыруды, қызметкерлердің бастамашылдығы мен кәсібилігін арттыруды жоспарлайды. Бағынышты қызметкерлерінің міндеттерін, құқықтарын, жауапкершілігін белгілейді; оларды іріктеуді, орналастыруды және ауыстыруды; оларға өкілеттіктерді береді. Қол астындағы жұмысшылардың жұмысын ұйымдастырады, олардың алдына қойылған жедел міндеттер мен лауазымдық міндеттерді орындау үшін жағдай жасайды. Бұйрықтарды, өкімдерді, нұсқауларды және басқа да ұйымдастырушылық - өкімдік құжаттаманы шығаруды (басып шығаруды) және орындаушыларға жеткізуді ұйымдастырады. Қарамағындағы қызметкерлердің бір-бірімен және басқа бөлімшелердің қызметкерлерімен өзара іс-қимылын ұйымдастырады және үйлестіреді. Жедел міндеттерді бөлу, қызмет алдында тұрған міндеттерді іске асыру бойынша шаралар әзірлеу және шешімдер қабылдау үшін (қажет болған жағдайда басқа бөлімшелердің мамандарын тарта отырып) кеңес өткізеді. Бағынышты персоналмен өндірістік және еңбек тәртібін, еңбек тәртіптемесі қағидаларын бұзуды болдырмау мәселелері бойынша, еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мәселелері, жұмыскерлердің жұмыс уақыты режимін сақтауы, ұйымдастыру және еңбекке ақы төлеу мәселелері бойынша тәрбие және түсіндіру жұмысын жүргізеді.

Білім:

Орта кәсіптік (техникалық) білімнен төмен емес

Дағдылар:

Білуі керек:кадрларды кәсіби даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын бөгде мамандандырылған ұйымда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша оқытуды ұйымдастыруды. Міндеттері өндірісті дайындау саласындағы қызметті басқаруды көздейтін лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 1 жыл.

Қосымша:

1 жылдан кем емес белгілі мерзімге (1 жыл)/белгісіз мерзімге Қалыпты еңбек жағдайлары 5-күндік жұмыс аптасында сағ.8.00 бастап сағ.17.00-ке дейін, демалыс күндері сенбі және жексенбі 484 041 теңгеден бастап

Білетін тілдер:

-