"KEGOC" АҚ "Ақмола ЖЭТ" филиалының Материалдық-техникалық жабдықтау және шаруашылық қамтамасыз ету қызметінің 2 санатты маманы

Жалақы көрсетілмеген
"KEGOC" АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
14

Қаралған саны:
235

   Конкурс туралы

Біліктілікке қойылатын талаптар

Білім деңгейі

Жоғары

Диплом (бағыты) бойынша мамандығы

Техникалық, инженерлік/экономикалық, экономикалық, заңгерлік.

Лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі

Технология негіздері, өндірісті, еңбек пен басқаруды ұйымдастыру, жабдықтау және қойма операцияларын есепке алуды ұйымдастыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жоспарының орындалуы туралы есептілікті жасау тәртібі.

Лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі

(ұзақтығы), жыл

 

Кем дегенде 3 жыл.

Басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жыл

Талап етілмейді.

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар

Станциялар мен желілерді техникалық пайдалану саласындағы салалық ережелерді, нормаларды, талаптарды, электр қондырғыларын пайдалану және қауіпсіздік техникасын, өрт қауіпсіздігі ережелерін, өз лауазымдық міндеттерін орындау үшін нұсқаулықтарды білу.

Лицензиялар, сертификаттар

Жетекшілік ететін мәселелер саласында сертификаттардың болғаны жөн.

Қосымша талаптар

PC (MSOffice: Word, Excel, Access, PowerPoint тәжірибелі қолданушысы;

Қазақ, орыс тілдерін білгені жөн.

 

Лауазымдық (функционалдық) міндеттері:

 

1) сапа менеджменті жүйелері, өндірістік дағдылар саласындағы білім деңгейін үнемі арттырады, ғылыми-техникалық ақпаратпен танысады;

2) АЖЭТФ мақсаттарының негізінде қызметтің жылдық жұмыс жоспарын қалыптастырады;

3) белгіленген нысандар бойынша есептер жасайды;

4) есепке алу журналын жүргізе отырып, жаңадан қабылданған қызметкерлер үшін БМЖ бойынша нұсқама жүргізеді;

  5) ҚР нормативтік құқықтық актілерінің және филиал мен қызмет процесіне қолданылатын нормативтік құжаттардың тізбесін жүргізеді;

  6) «НҚА қызметінің сәйкестігін бағалауды» әзірлеу және жүргізу бойынша бөлімшені бақылайды. БМЖ талаптарына сәйкес филиалдың ішкі нормативтік құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды уақытылы енгізеді;

  7) қызмет бойынша ішкі нормативтік құжаттарды (бұдан әрі – ІНҚ) қайта қарау жоспар-кестесін, сондай-ақ ұзартуға және әзірлеуге қажетті құжаттарды жасайды, өндірістік нұсқаулықтарды, өрт қауіпсіздігі, еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеудің дұрыстығын тексереді;

  8) қызмет персоналын өзгерістер мен толықтырулармен, сондай-ақ жаңадан шығарылған ІНҚ-мен таныстыруды жүргізеді;

  9) ЕҚжӨҚҚ-ға персоналмен жұмыс істеудің айлық және жылдық жоспарларын әзірлейді және ұсынады;

 10) ішкі және сыртқы хат-хабарлардың есебін, бұйрықтар мен өкімдердің есебін, пысықтауды бақылауды, Lotus ЭҚЖ бағдарламасында қызметтің іс қағаздарын жүргізеді;

 11) іс жүргізу нормаларына сәйкес Қызметтің ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттамасын жүргізеді және сақтайды;

 12) нұсқамалардың тақырыптарын, жаттығу бағдарламаларын, бір жылға арналған нұсқамалар мен жаттығуларды өткізу кестелерін әзірлеуге қатысады;

 13) инвестициялық бағдарламалар бойынша сайтта орналастыру үшін тауарларды сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру жобаларын дайындайды; 

     14) тендер қорытындысын шығарғаннан және инвестициялық бағдарлама бойынша шарт жасасқаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде «SAP» жүйесінде жеткізуге келісімшарт пен тапсырыс жасайды;

     15) келісімшарт пен жеткізуге тапсырыс жасалғаннан кейін 1 жұмыс күні ішінде қызмет әзірлеген ТЖҚ Мониторингіне тиісті деректерді енгізеді;

      16) жүкқұжат бойынша ТМҚ-ны қабылдағаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде «SAP» жүйесінде ТМҚ түскені транзакциясын жасайды және қол қойылған қабылдау актісін бухгалтерияға тапсырады;

      17) «SAP» жүйесінде ТМҚ бойынша жеткізушілерден шот-фактуралар бойынша төлем жүргізеді;

      18) өз құзыретіне кіретін бөлімнің мәселелері бойынша хат алмасуды жүргізеді;

      19) Қызмет қызметкерлерінің жұмыс уақытының табельдік есебін жүргізеді;

20) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басшылықтың біржолғы тапсырмаларын орындайды;

21) қызметтің жоспарлау және есептілік мәселелері бойынша бұйрықтардың, өкімдердің, нұсқаулықтардың жобаларын дайындауға қатысады;

  • Қызмет бастығының атына апта сайын бір апта ішінде атқарылған жұмыстар туралы есеп береді;
  • мәндерін орындау бойынша факторлық талдау жүргізу үшін ақпарат ұсынады.

 

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Озат)
  • Орыс тілі (Озат)