Тасымалдау және логистика департаменті мұнай тасымалдау басқармасы өндірісінің сенімділігін басқару секторының жетекші маманы (аутстаффинг)

«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
45

Қаралған саны:
462

   Конкурс туралы
"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-да тасымалдау және логистика департаменті (аутстаффинг)мұнай тасымалдау басқармасы өндірісінің сенімділігін басқару секторының жетекші маманы талап етіледі
Талаптар:
Білім:
  • Жоғары техникалық / экономикалық білім. Тиісті лауазым бейіні бойынша магистр дәрежесінің болуы (жақсырақ)
Кәсіби салада немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс тәжірибесі:
  • мұнай тасымалдау саласында кемінде 4 жыл
Ұйымның тиісті бейініндегі жұмыс тәжірибесі (жақсырақ ҚМГ және/немесе аффилиирленген ұйымдарда):
  • мұнай-газ компаниясында мұнай тасымалдау саласында кемінде 4 жыл
Мемлекеттік және / немесе ағылшын тілдерін білуге қойылатын талаптар:
  • Ағылшын тілі-Intermediate деңгейінен төмен емес
  • Қазақша-В1 деңгейінен төмен емес
Лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті білім:
  • Мұнай-газ саласындағы қызметті регламенттейтін заңнама, ҚМГ еңбек заңнамасы және ішкі корпоративтік құжаттар және жетекшілік ететін ЕТҰ;
  • Мұнайды құбыр арқылы тасымалдауды реттейтін нормативтік-техникалық құжаттар;
  • Мұнай тасымалдау бойынша маркетинг және логистика саласында талдау жүргізу;
  • Тәуекелдерді басқару жүйесі мен ҚМГ ішкі бақылау жүйесінің негіздері саласында;
  • Өрт және экологиялық қауіпсіздік саласында;
  • Сапа менеджменті, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, орнықты даму, ақпараттық қауіпсіздіктің интеграцияланған жүйесі саласында.
Лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті дағдылар:
  • Келіссөздер мен презентациялар өткізу;
  • Командада жұмыс істей білу, жауапкершілік пен ұйымшылдықтың жоғары деңгейіне ие болу;
  • Жобаларды жоспарлау және басқару саласында дамуға және жетілдіруге деген ұмтылыс;
  • Ағылшын тілінде барлық құжаттарды талқылау және дайындау үшін қажетті деңгейде ағылшын тілін еркін меңгеру;
  • Қазақ және орыс тілдерін меңгеру.
Осы лауазымдағы функционалдық міндеттері:
  • Магистральдық мұнай құбыры жобасын іске асыру жөніндегі жұмыстарды орындау кестелері мен жоспарларын әзірлеу және қолдау;
  • Бекітілген мерзімдерге сәйкес Жобаның орындалуын жоспарлау және бақылау;
  • Тиімділікті арттыру және шығындарды азайту мақсатында өндірістік процестерді талдау және оңтайландыру;
  • Кестелер мен ресурстарды үйлестіру үшін жобаның басқа бөлімшелерімен өзара әрекеттесу;
  • Жоспарлардың орындалуы туралы апта сайынғы және ай сайынғы есептерді дайындау және нәтижелерді талдау;
  • Жобалық топ отырыстарының хаттамаларын дайындау.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр