"Жолаушылар тасымалы" АҚ "қала маңындағы тасымалдар"филиалының мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі функционалдық бағытының менеджері (10 разряд)

от 362178
Филиал "Пригородные перевозки" Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
23

Қаралған саны:
242

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Қоғам басшылығының қолымен мемлекеттік тілде дайындалған құжаттардың мәтіндерін түзету және редакциялау;
  • Қоғамның мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалған құжаттары мәтіндерінің түпнұсқалығын тексеру;
  • Қоғамның мемлекеттік тілдегі, Қоғам басшылығының қолы қойылған құжаттарының (жергілікті актілер, бұйрықтар, өкімдер және т.б.) мәтіндерін келісу;
  • Қоғамның құрылымдық бөлімшелеріне, филиалдары мен еншілес ұйымдарына Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру, мемлекеттік тілді дамыту, іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу және Қазақстан Республикасындағы тіл туралы заңнама талаптарын сақтау мәселесінде практикалық көмек көрсетілуін ұйымдастыру және көрсету;
  • Қоғамның құрылымдық бөлімшелеріне, филиалдары мен еншілес ұйымдарына көлік саласында мемлекеттік тілдегі көрнекі ақпараттың (бланкілер, маңдайшалар, хабарландырулар, жарнама, прейскуранттар, баға көрсеткіштері, басқа да көрнекі ақпарат) дұрыс жазылуы, көрнекі ақпараттың дұрыс ресімделуі жөнінде кеңес беру және түсіндірме жұмыстарын ұйымдастыру;
  • Қазақстан Республикасындағы тіл туралы заңнама мен Қоғамның, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 қазандағы № 914 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2023-2029 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары талаптарын сақтау;
  • «Жолаушылар тасымалы» АҚ орталық аппараты мен филиалдары қызметкерлеріне мемлекеттік тілді оқыту курстарын ұйымдастыру және өткізу;
  • «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамында Қазақстан Республикасының бірыңғай тіл саясатын жүргізу және іске асыру.

Біліктілік талаптары:

  • Білім: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Саладағы мамандық: филология, аударма ісі, гуманитарлық, экономика, қаржы
  • Жұмыс тәжірибесі: жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр