Қаржы департаменті қазынашылық басқармасы жетекші маманы

«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
52

Қаралған саны:
826

   Конкурс туралы

Талаптар:

Білімі:

  • Жоғарғы қаржылық білім.  Тиісті жұмыс профилі бойынша магистр дәрежесінің болуы/ менеджмент/экономика/қаржы/МВА/ т.б. (қалаулы).

Кәсіби саладағы немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс тәжірибесі:

  • Кем дегенде 4 жыл.

Экономикалық қызмет түріндегі ұйымның бейініне сәйкес келетін жұмыс тәжірибесі (ҚМГ және/немесе үлестес ұйымдарда артықшылық беріледі):

  • Кемінде 4 жыл (қаржы саласында, мұнай-газ компанияларында).

Мемлекеттік және/немесе ағылшын тілдерін білуге қойылатын талаптар:

  • В1 (қаз), Pre-Intermediate (англ.).

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер:

  • Акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы заңнама;
  • Мұнай-газ саласындағы заңнама;   
  • Қазақстан Республикасының банк ісі және валюта заңнамасын;
  • Экономика және қаржы, бизнес-жоспарлау процестері саласында;
  • Қаржы институттарындағы қаржыландыру схемалары мен құрылымдары;
  • ҚМГ тәуекелдерді басқару жүйесінің және ішкі бақылау жүйесінің негіздерін;
  • Өрт және экологиялық қауіпсіздікті;
  • Сапа менеджментінің интеграцияланған жүйесі, қоршаған ортаны қорғау, денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігі, ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесін;
  • Мемлекеттік және ағылшын тілдерін (ауызша және жазбаша) білу қажет.

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

  • Талдау дағдыларының болуы;
  • Заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жүйелеу, есепке алу және құжаттау дағдылары.

Осы лауазымдағы функционалдық міндеттер:

  • Кассалық олқылықтардың алдын алу мақсатында, ҚМГ кассалық жоспарын қалыптастыруды, нақтылауды және орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
  • ҚМГ қаржы құралдарын есепке алу мақсатында қаржы құралдары бөлігінде таниды;
  • Төлем тәртібін қабылдау мақсатында жер қойнауын пайдаланушыларды қаржыландыру мәселелері бойынша келісімдерді келіседі;
  • Ипотекалық депозиттерге қатысты мәселелерді қолдау үшін банктермен өзара іс-қимыл жасайды;
  • Бизнес-процестерді ресімдеу мақсатында қазынашылық мәселелерін реттейтін ішкі нормативтік құқықтық актілер мен әдістемелерді әзірлеуге қатысады;
  • Өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талдамалық материалдарды, анықтамаларды, хаттарды, сұраныстар мен есептерді дайындайды және қазынашылық қызметіне қатысты ҚМГ басшылығының тапсырмаларын орындайды;
  • ҚМГ айналым қаражатының (дебиторлық/кредиторлық берешек) мониторингін жүзеге асырады, мерзімі өткен берешекті қайта құрылымдау бойынша шараларды, оның ішінде ҚМГ шығындарын барынша азайту мақсатында ҚМГ күмәнді борыштары бойынша резерв құру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді;
  • ҚМГ қаржы құралдарын бухгалтерлік есепте есепке алу мақсатында дебиторлық берешек бөлігінде таниды;
  • ТЖҚ сатып алу шарттары бойынша өсімпұлды есептеу - ТЖҚ сатып алу шарттарының әкімшілері болып табылатын ҚМГ құрылымдық бөлімшелерінің өтініші бойынша есептеу міндеттерін атқарады.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр