Қазынашылық секторының қаржы жөніндегі бас маманы

«ОТХК» БК» ЖШС Шымкент қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
21

Қаралған саны:
817

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

1) серіктестіктің ситуациялық төлем қабілеттілігін қамтамасыз етуге; 2) ақша есебін жүргізу жөніндегі жұмысты орындауға, атап айтқанда күн сайын серіктестік шоттарындағы ақша қалдықтарын тіркеуге, алдағы төлемдерді талдауға және серіктестік шоттарындағы ақшаның жеткіліктілігін анықтауға; 3) құжаттар топтамасын одан әрі тексеру үшін серіктестіктің құрылымдық бөлімшелерінен ілеспе құжаттармен (төлем шоттары, шот-фактуралар, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актілері, қабылдау-тапсыру актілері, қорларды тарапқа босатуға арналған жүкқұжаттар және т. б.) келіп түскен ТЖҚ (тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер) үшін ақы төлеуге өтінімдерді тіркеуді бақылауға құжаттардың толық болуы, жеткізушінің барлық деректемелерінің қағаз жеткізгіштегі 1С деректемелерге сәйкестігі бөлігінде төлеуге; 4) банктер бойынша төлемдердің күнделікті тізілімдерін қалыптастыруға; 5) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне есептер беруге міндетті; 6) Қаржы жоспарының баптары және ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептің баптары бойынша банктен алынған 1С үзінді көшірмелер бойынша төлемдерді таратуға; т. б.

Білім:

жоғары экономикалық және қаржылық білім

Дағдылар:

қаржы саласындағы жұмыс дағдылары

Қосымша:

білуі керек: 1) Қаржы-шаруашылық қызметінің мәселелерін регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілері; 2) Салық заңнамасы, зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнаманың негіздері, қаржылық есеп және есептілік стандарттары, экономика, өндірісті, еңбек пен басқаруды ұйымдастыру, Бухгалтерлік есеп, есептеу техникасы, телекоммуникация және байланыс құралдары; 3) қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары; 4) есепке алу учаскелері бойынша құжаттаманы және операцияларды ресімдеу тәртібі; 5) дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысу қағидалары; 6) қаржылық есеп айырысулардың нысандары мен тәртібі; 7) саланың техникалық және экономикалық даму перспективалары; 8) шарттарды жасасу және орындау тәртібі.

Білетін тілдер:

мемлекеттік және орыс тілдері лауазымдық міндеттерін атқару үшін қажетті көлемде

Қажетті қабілеттер

  • навыки работы в финансовой сфере