Кадрлық әкімшілендіру жөніндегі аға менеджер

«Самұрық-Қазына Бизнес Сервис» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
50

Қаралған саны:
527

   Конкурс туралы

Функционалдық бағыттары/лауазымдық міндеттері:
1. Жұмыскерлердің жеңілдіктерін, әлеуметтік төлемдерін және медициналық сақтандыруын нормативтік құжаттарға, тапсырыс берушінің ережелеріне сәйкес толық көлемде әкімшілендіру;
- жұмыскерлердің жеңілдіктері, әлеуметтік төлемдері және медициналық сақтандыру мәселелері бойынша құжаттардың барлық түрлерін Тапсырыс берушінің нормативтік құжаттарына, ережелеріне сәйкес ресімдеу;
- жұмыскерлерді ерікті медициналық сақтандыру мәселелері бойынша үшінші тарап-орындаушымен өзара іс-қимыл жасау;
- өз қызметі бойынша есептің барлық түрлерін қалыптастыру;
- жұмыскерлерді жеңілдіктер мен ерікті медициналық сақтандыру бойынша қызметті жүзеге асыру үшін шарттарды, қосымша келісімдерді дайындау және ресімдеу.
2. Жұмыскерлердің қаржылай емес сыйақысын әкімшілендіру:
- мемлекеттік наградалар бойынша уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
- наградалардың барлық түрлерін есепке алу;
- жұмыскерлерді қаржылай емес марапаттау мәселелері бойынша құжаттардың барлық түрлерін Тапсырыс берушінің нормативтік құжаттарына, ережелеріне сәйкес ресімдеу;
- өз қызметі бойынша есептің барлық түрлерін қалыптастыру;
- үшінші тарап-орындаушымен төсбелгілерді, алғыс хаттарды, грамоталарды және т.б. дайындау бойынша өзара іс-қимыл жасау.
Есептілікті қалыптастыру, құжаттарды сақтау және беру:
- тапсырыс берушіге толық және шынайы ақпаратты дайындауға және ұсынуға жауапты;
- тапсырыс берушінің сұрау салуы бойынша стандартты емес есептерді тиісті сапада және қызмет көрсету шарттарында белгіленген мерзімдерде қалыптастырады;
- тапсырыс берушінің жұмыскерлеріне қатысты шартты орындау процесінде қалыптастырылатын құжаттарды Тапсырыс берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесіне бергенге дейін тиісінше сақтауды жүзеге асырады;
- компаниялармен Тапсырыс берушілермен және олардың қызметкерлерімен өзара іс-қимыл
- тапсырыс берушінің өкілдерімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады,
- тапсырыс беруші компанияның жұмыскерлерімен Тапсырыс беруші жұмыскерлерінің сұрау салуы бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырады, жұмыскерлердің сұрау салуы бойынша ақпарат пен құжаттарды дайындауды қамтамасыз етеді;
- тапсырыс беруші жұмыскерлерінің сұрау салуы бойынша анықтамалар қалыптастырады.

 Біліктілікке қойылатын талаптар:

  1. Құқық/бизнес және басқару/әлеуметтік ғылымдар/педагогикалық ғылымдар/техникалық ғылымдар және технологиялар/гуманитарлық ғылымдар саласындағы жоғары білім.
  2. Мүмкіндігінше кадрлық іс жүргізу/персоналды басқару саласында даярлау/біліктілігін арттыру бойынша сертификаттардың болуы.
  3. Кадрлық іс жүргізу/персоналды басқару саласында жалпы жұмыс өтілі кемінде 2 (екі) жыл. Мүмкіндігінше «Самұрық-Қазына» АҚ тобының ұйымдарында жұмыс тәжірибесінің болуы.

Заңнама және нормативтік құқықтық актілер, арнайы және мамандандырылған білім:

  • ҚР Еңбек кодексі;
  • «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» ҚР заңы;
  • «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» ҚР Заңының жарғысы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсыну және оларды тапсыру тәртібі туралы нұсқаулықтар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларына құжаттардың үлгілері;
  • Іс жүргізу, архив ісі саласындағы мемлекеттік стандарттарды, құжат айналымы, құжаттарды архивтеу және сақтау саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;
  • Еңбек қатынастары саласындағы және персоналды басқару жөніндегі ұйымның қызметін регламенттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;

Арнайы және мамандандырылған білім:

  • Есептеу, ұйымдастыру және көбейту техникасымен, коммуникация және байланыс құралдарымен жұмыс істеу қағидалары;
  • SAP, Directum, ЭҚЖ және т.б. автоматтандырылған жүйелерде жұмыс істеу дағдылары;
  • Кадрлық әкімшілендіру ережелері мен процесін білу,
  • Жұмыскерлердің жәрдемақыларын, әлеуметтік төлемдерін және медициналық сақтандыруды басқару процестерін білу;
  • Жұмыс процестерін талдау, жоспарлау білімі мен қабілеті;

Дағдылар мен құзыреттер (функционалдық):

  • Word, Excel және т.б. қоса алғанда, MS-Office дағдылары.
  • Жауапкершілік, дәлдік, ұқыптылық, орындаушылық; көп тапсырмада стресске төзімділік, табандылық, ашықтық, әдептілік, зейін және басқа адамдарға құрмет, тез байланыс орнату мүмкіндігі;
  • Клиентоориентированность, коммуникабельность;
  • Нәтижеге назар аудару, мәселені тез тану, олардың себептері мен шешімдерін анықтау, уақытты бөлу, басымдық беру мүмкіндігі;
  • Командада және өз бетінше жұмыс істеу қабілеті: сыпайы қарым-қатынас, адамдармен қарым-қатынас жасай білу және тілек білдіру; жұмыскерлерге мәселелерді шешуде қолдау көрсету және жәрдемдесу; әріптестерімен ақпаратпен бөлісуге әзірлігі;
  • Қазіргі заманғы технологиялық құралдарды, коммуникациялар мен байланыстарды, есептеу техникасын қолдана отырып, деректердің үлкен көлемімен жұмыс істеу, ақпаратты өңдеу дағдылары;
  • Ауызша келіссөздер және іскерлік хат алмасу дағдылары, сауатты ауызша және жазбаша сөйлеу.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр