Кадрлық әкімшілендіру жөніндегі аға менеджер

«Самұрық-Қазына Бизнес Сервис» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
37

Қаралған саны:
496

   Конкурс туралы

Функционалдық бағыттары/лауазымдық міндеттері:

- ҚР Еңбек кодексіне және ҚР нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес толық көлемде кадрлық әкімшілендіру;
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және нормативтік-құқықтық актілеріне, нормативтік құжаттарға, Тапсырыс берушінің ережелеріне сәйкес құжаттардың барлық түрлерін ресімдеу;
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және нормативтік-құқықтық актілеріне, нормативтік құжаттарға, Тапсырыс берушінің ережелеріне сәйкес құжаттардың барлық түрлерін ресімдеу;
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде және нормативтік құқықтық актілерінде, нормативтік құжаттарда, Тапсырыс берушінің ережелерінде талап етілетін кадрлық құжаттарды, тізімдерді, жеке істерді, оның ішінде электрондық істерді есепке алу;
- кадрлық іс жүргізу құжаттарын қалыптастыру, сақтау, есепке алу және жаңарту, сондай-ақ оларды архивке тапсыру;
- кадрлық есептердің барлық түрлерін, оның ішінде ай сайынғы, тоқсандық, жартыжылдық және жылдық есептерді дайындау және есепке алу;
- 1С-ЕРП бағдарламалық қамтылымына жұмыскерлердің дербес деректерін (дербес деректер, еңбек өтілі, білімі, әскери есебі, тіркеу мекенжайы, нақты тұрғылықты жері, отбасы құрамы, наградалары, тілдерін білуі, жарияланымдары және жұмыскердің басқа да байланыс деректері) енгізу, жеке құрамға қатысты барлық түрдегі бұйрықтарды қалыптастыру;
- ҚР еңбек заңнамасының нормаларына сәйкес ЕШЕБЖ-ге ақпарат енгізу;
- есепті деректерді, оның ішінде жұмыскерлер санаттары (басшылар мен басқарушы жұмыскерлер), жұмыс өтілі бойынша (Тапсырыс беруші ұсынған тізбе негізінде Тапсырыс берушінің компанияларындағы жалпы еңбек өтілі, жұмыс өтілі), отбасы жағдайы бойынша, отбасы мүшелері бойынша, жұмыскерлердің лауазымдық жалақысының мөлшері бойынша, мүгедектік санаттары бойынша, наградалар бойынша деректерді дайындау қашықтан жұмыс істейтін және/немесе біріктірілген қашықтан жұмыс істейтін жұмыскерлерді есепке алу, сертификаттау бойынша есептілік, жоғары оқу орындары бойынша статистиканы дайындау;
- жұмыскерлердің еңбек кітапшаларына қабылдау/жұмыстан босату және кадрлық орын ауыстыру, марапаттау туралы жазба енгізу;
- бағдарламалық қамтылымға ақпарат енгізу және кадрлық құрамға жататын демалыстардың барлық түрлерін беру туралы және іссапарға жіберу туралы бұйрықтарды қалыптастыру;
- 1С ЕРП-ге құрылымдық бөлімшелер бөлінісінде жұмыс уақытын есепке алу табелін қалыптастыру, жұмыс уақытын есепке алу бойынша жауапты тұлғалардан алынған ақпарат бойынша құрылымдық бөлімшелердің табелдерін түзету енгізу;
- ауысымдық кестені (вахталық жұмыс әдісі) 1С ЕРП-ге енгізу;
- әскери есепке алуды жүргізу (толтыру, тексеру және жергілікті әскери басқару органына есептерді ұсыну).

 Біліктілікке қойылатын талаптар:

  1. Құқық/бизнес және басқару/әлеуметтік ғылымдар/педагогикалық ғылымдар/техникалық ғылымдар және технологиялар/гуманитарлық ғылымдар саласындағы жоғары білім.
  2. Мүмкіндігінше кадрлық іс жүргізу/персоналды басқару саласында даярлау/біліктілігін арттыру бойынша сертификаттардың болуы.
  3. Кадрлық іс жүргізу/персоналды басқару саласында жалпы жұмыс өтілі кемінде 2 (екі) жыл. Мүмкіндігінше «Самұрық-Қазына» АҚ тобының ұйымдарында жұмыс тәжірибесінің болуы.

 Білім мен дағдыларға қойылатын талаптар:

  • Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;
  • «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  • «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  • «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  • «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  • «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  • кадрлық іс жүргізу/персоналды басқару саласындағы Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және нормативтік құқықтық актілері.

Арнайы және мамандандырылған білім:

  • Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын білу;
  • Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын білу;
  • құжат айналымы, архивтеу және құжаттарды сақтау саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;
  • іс жүргізу, архив ісі саласындағы мемлекеттік стандарттарды білу;
  • кадрлар жөніндегі құжаттаманы жасауға және ресімдеуге қойылатын талаптарды білу;
  • кадрлық әкімшілендіру саласындағы заманауи үрдістер мен технологияларды білу;
  • жұмыскерлердің қызметін бағалау негіздерін білу (KPI, SMART әдіснамасы бойынша мақсаттар қою);
  • компанияда KPI әзірлеу және енгізу негіздерін білу;
  • жеңілдіктердің, әлеуметтік төлемдердің және жұмыскерлерді ерікті медициналық сақтандырудың нормативтік-құқықтық базасын білу;
  • әлеуметтік жеңілдіктерді әкімшілендіру процесінің негізгі қағидаттарын білу;
  • жұмыскерлерді қаржылай емес сыйақылармен және ішкі ведомстволық наградалармен марапаттау процесінің негізгі қағидаттарын білу;
  • этика негіздерін, іскерлік қарым-қатынас ережелерін білу (оның ішінде ауызша және жазбаша коммуникация, іскерлік хаттар жасау, келіссөздер жүргізу).

  Дағдылар мен құзыреттер (функционалдық):

  • Word, Excel, Outlook және т.б. қоса алғанда, MS-Office-пен жұмыс істеу дағдылары;
  • кадрлық әкімшілендіру бойынша автоматтандырылған жүйелерде жұмыс тәжірибесі (1С ЖПБ және Кәсіпорын, ERP, ҚКБЖБ, SAP және электрондық құжат айналымы жүйелері);
  • ауызша сөйлесу және іскерлік хат алмасу дағдылары;
  • деректердің үлкен көлемімен жұмыс істеу, заманауи технологиялық құралдарды, коммуникациялар мен байланысты, есептеу техникасын қолдана отырып, ақпаратты өңдеу дағдылары;
  • міндеттерді шешуде басымдықтарды дұрыс белгілеу, проблемаларды бөліп көрсету және кейіннен шешім қабылдау үшін бөлінген фактілер арасында себеп-салдарлық байланыстарды орнату дағдылары.

Құзыреттер (жеке):

  • Нәтижеге бағдарлану;         
  • Жауапкершілік;                          
  • Командалық жұмыс;                        
  • Коммуникация дағдылары;             
  • Өзгерістерді басқару.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр