"KEGOC" АҚ "Ақмола ЖЭТ" филиалының Қосалқы станция қызметінің инженері

Жалақы көрсетілмеген
"KEGOC" АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
31

Қаралған саны:
713

   Конкурс туралы

Біліктілікке қойылатын талаптар

Білім деңгейі

Жоғары білім

Диплом (бағыты) бойынша мамандығы

Электр энергетикасы

Лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі

Талап етілмейді

Лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі

(ұзақтығы), жыл

 

Талап етілмейді

Басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жыл

Талап етілмейді

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар

·                Станциялар мен желілерді техникалық пайдалану саласындағы Қағидалардың салалық қағидаларын, нормаларын, талаптарын, Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасын, өз лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде Өрт қауіпсіздігі қағидаларын білу;

·               * Өзінің лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілермен, нормативтік құжаттармен және электротехникалық жабдықты пайдалану мәселелері бойынша Техникалық құжаттамамен жұмыс істей білу;

·* Жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру және технологиясы, энергетикалық жабдықты монтаждау, реттеу, баптау және жөндеу әдістері, жабдыққа, материалдарға, қосалқы бөлшектерге, құралдарға өтінімдер жасау тәртібі, Жабдықты жөндеуге тапсыру және жөндеуден кейін қабылдау қағидалары;

·          * Ұйым өнімдерін өндіру технологиясының негіздері, энергетикалық жабдықты пайдалану, жөндеу және жаңғырту кезіндегі еңбекті ұйымдастыру талаптары

Лицензиялар, сертификаттар

·  Электр қауіпсіздігі бойынша біліктілік тобының ӀІІ-ден төмен болмауы.

Қосымша талаптар

·    MS office тәжірибелі пайдаланушысы;

·    Қазақ, орыс тілдерін жетік, ағылшын тілін білгені абзал.

 

Лауазымдық (функционалдық) міндеттері:

Лауазымдық (функционалдық) міндеттері:

1) бастықтың барлық әкімшілік-техникалық өкімдерін орындайды, ал директордан, бас инженерден, филиал бас инженерінің орынбасарынан өкім алған жағдайда оларды орындайды және бастықтың назарына жеткізеді;

2) қызметтің құзыретіне кіретін жалпы сипаттағы мәселелер бойынша бұйрықтардың, өкімдердің, нұсқаулықтардың жобаларын, сондай-ақ КС жабдықтары бойынша жоспарлау мен есептілікті дайындауды жүзеге асырады;

3) ТҚЕ,ТПЕ, ӨҚЕ бойынша емтихандарды уақтылы тапсырады, техникалық білім деңгейін үнемі арттырады;

4) ТҚҚ үшін қосалқы бөлшектердің түсуін бақылауды жүзеге асырады;

5) филиал қоймасына келіп түсетін жаңа жабдықтарды, қосалқы бөлшектер мен материалдарды қабылдауға қатысады;

6) КС жабдығының ТҚ мәселелері бойынша техникалық хат алмасуды жүргізеді;

7) тендерлік құжаттаманы қалыптастыру кезінде қосалқы бөлшектер мен материалдарға техникалық ерекшеліктер жасайды.

бастапқы құжаттарды-орындалған жұмыстар/көрсетілетін қызметтер актісін қалыптастырады (бұдан әрі-жұмысты/көрсетілетін қызметті орындау/іске асыру кезінде АВР, орындаушы тарапынан АВР-ға қол қояды, АВР-ны контрагентпен электрондық түрде келіседі және орындаушы тарапынан қол қойылған АВР-ны КҚҚ-ның жауапты қызметкеріне береді.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Озат)
  • Орыс тілі (Озат)