«KEGOC» АҚ «ЖҮЙЕЛІК ОПЕРАТОРДЫҢ ҰЛТТЫҚ ДИСПЕТЧЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫНЫҢ ТЕҢГЕРІМДЕР ЖӘНЕ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРЛАУ ҚЫЗМЕТІ НАҚТЫ ТЕҢГЕРІМДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ТОБЫНЫҢ ИНЖЕНЕРІ (уақытша лауазым)

от 339600 KZT
"KEGOC" АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
54

Қаралған саны:
1685

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттері:

  • Деректер базасын электр энергиясының жинақталған нақты теңгерімдері бойынша қалыптастырады;
  • электр энергиясы теңгерімін тұтыну, өндіру және Қазақстан Республикасы ағындары бойынша, аймақтар мен энергия тораптарын айқындай отырып, құрады;
  • деректер базасын электр энергиясы импорты/экспорты бойынша қалыптастырады;
  • айдың қорытындысы бойынша дашбордта көрсету үшін нақты теңгерім бойынша анықтама дайындайды;
  • ҚНК бойынша деректерді SAP бағдарламасына енгізеді (ай сайын);
  • облыстың ірі тұтынушыларын айқындай отырып, Қазақстанның облыстары бойынша электр энергиясын тұтыну серпінін дайындайды;
  • Қызмет құзыретіне кіретін Филиал басшылығының өкімдерін орындайды.

 

Талаптар:

  • электр энергетикасы/электр энергетикалық бейінді/жылу энергетикасы бағыты бойынша жоғары білім:
  • лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі талап етілмейді
  • MS office тәжірибелі пайдаланушысы
  • қазақ және орыс тілдерін білу.

 

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

  • Өзінің лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде электр энергетикасы саласындағы НҚА-ны білу;
  • командада жұмыс істей білу дағдылары, тіл табыса білушілік;
  • кәсіпқойлық (адал және ұқыпты жұмыс істеу, еңбек тәртібін сақтау, өзіне жүктелген еңбек міндеттемелерін сапалы, уақытылы және нәтижелі орындау);
  • құжатайналым жүйесі бойынша келіп түсетін ақпаратты құжаттың мәнін және оның негізгі ережелерін лауазымдық міндеттерін орындау үшін жеткілікті түсіну деңгейінде мемлекеттік тілде қабылдауы қажет.

 !!! Бос лауазым уақытша, негізгі қызметкер болмаған кезеңде.

Түйіндемені қабылдау 2024 жылғы 20 қыркүйекке дейінгі мерзімде (қоса алғанда) жүзеге асырылады.

 

 

 

 

Қажетті қабілеттер

  • Фактический баланс производста и потребления электрической энрегии