"KEGOC" АҚ "Ақмола ЖЭТ" филиалының Күрделі құрылыс қызметінің Жобаларды іске асыру және техникалық қадағалау тобының жетекші инженері

Жалақы көрсетілмеген
«KEGOC» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
34

Қаралған саны:
667

   Конкурс туралы

Біліктілікке қойылатын талаптар

Білім деңгейі

Жоғары білім

Мамандығы (диплом бойынша бағыты)

Техникалық / Электр энергетикалық

Лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі

Құрылыс, электр энергетикасы саласында

Лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жыл

Инженерлік-техникалық лауазымда кемінде 3 жыл.

Басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жыл

Талап етілмейді.

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар

 

·        Талдамалық дағдылар (талдау, нақтылау және жалпылау); лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде құрылыс жұмыстарының технологиясын, құрылыс нормалары мен ережелерін, стандарттарды, заңдарды, Қазақстан Республикасының НҚА, НҚ, қызметте тікелей қолданылатын ішкі құжаттарды, салалық қағидаларды, станциялар мен желілерді техникалық пайдалану саласындағы талаптарды, қауіпсіздік техникасы қағидаларын, өрт қауіпсіздігі қағидаларын білу.

·        Нормативтік құжаттарды әзірлеу дағдылары;

·        Жұмыс процесін жоспарлау және оңтайлы ұйымдастыру;

·        Уақытты және бағынышты адамдарды тиімді басқару;

·        Тыңдай білу, құзыретті кеңестер беру;

·        Тез үйрену қабілеті;

·        Ақпараттың үлкен көлемімен жұмыс істеу;

·         Іскерлік хат алмасу дағдылары.

Лицензиялар, сертификаттар

·        Жетекшілік ететін мәселелер саласында сертификаттардың болғаны жөн .

Қосымша талаптар

·                   PC (MSOffice:     Word, Excel, Access, PowerPoint) тәжірибелі пайдаланушысы.

·                   Қазақ, орыс тілдерін білу.

  • Лауазымдық (функционалдық) міндеттері:

1) Жеткізушілерден толық және көрінетін ақаулары жоқ жабдықтарды қабылдауға жауапты;

2) жабдыққа келіп түскен құжаттаманы (сертификаттар, паспорттар, сынақтар, МЕМСТ және ТШ, кепілдік құжаттамасы) тексереді;

3) құрылыс жобаларын әзірлеудің жобалау алдындағы құжаттаманы (СЖТ, инженерлік іздестіру, объектілерді зерттеу нәтижелері, жерге орналастыру жұмыстары, сондай-ақ жобалау құжаттамасын әзірлеу туралы шешім қабылдау үшін қажетті өзге де бастапқы деректер) дайындауды жүзеге асырады;

   4) құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық және техникалық құжаттаманың уақытылы берілуін ұйымдастырады;

   5) қабылдау актілерін ресімдей отырып, құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау және орындалған жұмыстар мен салынған объектілерді пайдалануға қабылдау сапасына бақылауды ұйымдастыруды жүзеге асырады;

  6) объектілерді уақытылы пайдалануға беруді бақылауды жүзеге асырады;

  7) бекітілген жұмыс сызбаларына, ҚНжЕ ережелеріне және техникалық шарттарға, техника қауіпсіздігі және өндірістік санитария нормаларына сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстарының өндірісіне техникалық қадағалауды ұйымдастыруды жүзеге асырады;

   8) жер теліміне құқықтарды тіркеу бойынша жұмыстардың жүргізілуін және құжаттардың дайындалуын бақылайды;

 9) өндірістік мәселелер бойынша басқа топтармен, қызметтермен, кәсіпорындармен, фирмалармен және мердігерлік ұйымдармен өзара іс-қимылды (келіссөздер, хат алмасу, қарау, пікір және ақпарат алмасу) жүзеге асырады;

  • қызметтің саласына байланысты есептіліктің уақытылы ұсынылуын және күрделі құрылыс жоспарларының орындалу барысын, қолданылатын материалдардың, бұйымдардың, конструкция көлемдерінің, мерзімдері мен сапасының бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға, жұмыс сызбаларына, құрылыс нормалары мен қағидаларына, стандарттарға, техникалық шарттарға, еңбекті қорғау нормаларына сәйкестігін бақылайды;
  • күрделі құрылыс объектілері бойынша жиналған және алынған ақпаратты талдауды жүзеге асырады;
  • мердігер ұйымдармен құрылыс-монтаждау және жобалау-іздестіру жұмыстарына шарттарды уақтылы жасасу және сүйемелдеу жөнінде шаралар қабылдайды және орындалған жұмыстарға ақы төлеуді, шарттық талаптардың орындалуын бақылауды, қосымша келісімдер жасауды жүзеге асырады;

        13) объектіні пайдалануға қабылдаудың бекітілген актісін «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына жіберуді жүзеге асырады.

 

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Озат)
  • Орыс тілі (Озат)