Iрі мұнай-газ жобалары департаментiнің директоры
«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
- Құрылған күні:
- 09.09.2024
- Берілген өтінім:
- 69
- Қаралған саны:
- 1315
Талаптар:
Білімі:
- Жоғары техникалық / экономикалық білім. МВА/басқа лауазымның тиісті бейіні бойынша магистр дәрежесінің болуы (жақсырақ).
Кәсіби саладағы немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс тәжірибесі:
- Мұнай-газ саласында, ірі мұнай-газ жобаларын басқару саласында кемінде 10 жыл.
Экономикалық қызмет түріндегі ұйымның бейініне сәйкес келетін жұмыс тәжірибесі (ҚМГ және/немесе үлестес ұйымдарда артықшылық беріледі):
- Кем дегенде 10 жыл, ЕТҰ-да және / немесе ірі мұнай-газ жобаларында.
Басқарушылық тәжірибесі:
- Кемінде 5 жыл
Мемлекеттік және/немесе ағылшын тілдерін білуге қойылатын талаптар:
- Қазақ тілі-В1 деңгейі; Ағылшын тілі-advanced деңгейі.
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер:
- Жер қойнауын пайдалану, мұнай операцияларын, қаржы-экономикалық қызметті, акционерлік қоғамдардың қызметін жүзеге асыру мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасы саласында;
- Мұнай-газ жобаларын басқару, экономика және қаржы саласында;
- Қазақстан Республикасының Еңбек және азаматтық заңнамасы саласында;
- Тәуекелдерді басқару жүйесі мен ҚМГ ішкі бақылау жүйесінің негіздері саласында;
- Сапа менеджменті, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің интеграцияланған жүйесі саласында;
- Еңбекті ұйымдастыру және басқару саласында;
- Өрт және экологиялық қауіпсіздік саласында;
- Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін меңгеруі (жазбаша және ауызша).
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
- Есептеу техникасы, коммуникациялар және байланыс құралдарын пайдалану дағдылары;
- Microsoft Office бағдарламалар пакетімен жұмыс істеу дағдылары;
- Келіссөздер, презентациялар жүргізу дағдылары;
- Iскерлік қарым-қатынас және хат алмасу дағдылары.
Осы лауазымдағы функционалдық міндеттер:
- Ірі жобаларды одан әрі дамыту бойынша ҚМГ ұстанымын дайындауды қамтамасыз ету;
- Ірі жобалардың оператор-компанияларының өндірістік-шаруашылық қызметінің мониторингін ұйымдастыру және бақылау, ірі жобалардың қатысушыларына пайданы бөлу мониторингі, ірі жобалардың оператор-компанияларынан Қазақстан Республикасының және ҚМГ бюджетіне ақшалай түсімдерді барынша арттыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
- Ірі жобалардың оператор-компанияларының басқару органдарының қарауына шығарылатын мәселелер бойынша ҚМГ ұстанымын басшылыққа дайындау мақсатында ірі жобалардың оператор-компанияларының сұраныстарын қарауды ұйымдастыру;
- Проблемалық мәселелер бойынша ақпарат дайындау мақсатында ҚМГ және мемлекеттік органдардың басшылығы үшін ірі жобалар бойынша ақпарат (анықтамалар, Талдамалық жазбалар, баяндамалар, презентациялар) дайындауды қамтамасыз ету;
- Ақпаратты, ұсынымдар мен ескертулерді дайындау мақсатында ірі жобалар операторы-компаниялардың басқару органдарының, Комитеттер мен кеңестердің, жұмыс кездесулерінің кеңестерінің жұмысына қатысу;
- Ірі жобалардың оператор-компанияларының ай сайынғы есептеріне талдау дайындауды және кадрларды ұлттандыру және ірі жобалардағы қазақстандық қамтуды ұлғайту мақсатында ҚМГ басшылығы үшін ұсынымдар дайындауды қамтамасыз ету;
- Ірі жобаларды корпоративтік басқару саласында ҚМГ бірыңғай саясатын жүзеге асыру бойынша ҚМГ басшылығы үшін ұсынымдар дайындауды қамтамасыз ету;
- Департаменттің ішкі жұмыс процестері мен өзара іс-қимылын реттейтін ҚМГ ішкі талаптарын, рәсімдері мен қағидаларын орындау.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
Ұқсас вакансиялар
Мұнай және газ өндіру департаменті өндіруші активтерді басқару бизнес аналитика секторы маманы (аутстаффинг)
«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
16.09.2024 | 586
Мұнай және мұнай өнімдері маркетингі департаменті мұнай өнімдерінің маркетингі басқармасы мұнай өнімдерінің маркетингі секторының жетекші маманы (аутстаффинг)
«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
11.09.2024 | 841