Мұнай және мұнай өнімдері маркетингі департаменті мұнай өнімдерінің маркетингі басқармасы мұнай өнімдерінің маркетингі секторының жетекші маманы (аутстаффинг)

«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
54

Қаралған саны:
827

   Конкурс туралы

Талаптар:

Білімі:

  • Жоғары ақпараттық-техникалық білім.
  • Тиісті лауазым бейіні/менеджмент/экономика/қаржы/МВА/басқа (жақсырақ) бойынша магистр дәрежесінің болуы.

Кәсіби саладағы немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс тәжірибесі:

  • Кем дегенде 4 жыл (мұнай және мұнай өнімдерін сатудың кәсіби дағдыларының болуы)

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер:

  • Мұнай өнімдерін тасымалдау және өткізу, мұнайды қайта өңдеу, сондай-ақ мұнай өнімдерінің айналымы туралы ҚР заңнамасы саласында;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасы саласында, оның ішінде: "Акционерлік қоғамдар туралы", "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестіктер туралы", "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" заңдар;
  • ҚМГ тәуекелдерін басқару жүйесінің және ішкі бақылау жүйесінің негіздері саласында;
  • Өрт және экологиялық қауіпсіздік саласында;
  • Еңбек заңнамасы саласында;
  • Қаржылық және экономикалық жоспарлау, Қаржы-шаруашылық қызметке талдау жүргізу, жобаларды басқару және таныстыру саласында, сондай-ақ мұнай мен мұнай мен газды қайта өңдеу өнімдерін өткізу саласында;
  • Сапа менеджментінің, қоршаған ортаны қорғаудың, денсаулықты қорғаудың, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің интеграцияланған жүйесі және ақпараттық қауіпсіздік менеджменті жүйесі саласында.

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

  • Қаржы-экономикалық талдау дағдылары;
  • Қаржы-экономикалық модельдерді құру дағдылары;
  • Командада жұмыс істеу және персоналды басқару дағдылары;
  • Заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып құжаттаманы жүйелендіру, есепке алу және жүргізу;
  • Келіссөздерді жүргізу, еңбекті ұйымдастыру және басқару дағдылары;
  • Мемлекеттік тілді білу (жазбаша және ауызша).

Осы лауазымдағы функционалдық міндеттер:

  • Жылумен жабдықтаушы ұйымдарды жылыту кезеңінде қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру. Мұнай өнімдерін бөгде ұйымдарға өткізу процесін жүзеге асыру;
  • ҚР ішкі нарығында газ жеткізу кестелерін орындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Газбен биржалық сауданы қамтамасыз ету;
  • Мұнай өнімдерін өткізу бойынша жасалған шарттар бойынша төлемнің түсуіне бақылауды жүзеге асыру;
  • Ішкі нарыққа мұнай өнімдерін жеткізу жөніндегі бастапқы құжаттардың бухгалтерияға уақтылы ұсынылуын қамтамасыз етеді;
  • Департамент қызметі шеңберінде SAP жүйесінде деректерді жүргізу;
  • Іске асырылуы тәуекелдің басталуына әкелуі мүмкін тәуекел факторларын басқарады. Алдына қойылған мақсаттарға қол жеткізуге әсер ететін тәуекелдерді уақтылы анықтайды, талдайды және бағалайды; тәуекелдерді/тәуекел факторларын төмендету жөніндегі іс-шараларды уақтылы әзірлеуді және орындауды қамтамасыз етеді; жауапты бөлімшені (ТБжІБҚ), өзінің тікелей басшысын ықтимал шығындарға әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкін кез келген қателер/ кемшіліктер туралы, ықтимал және іске асырылған тәуекел оқиғалары туралы ішкі құжаттарда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде уақтылы хабардар етеді;
  • Департаменттің жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырушылық іс-шараларды, сондай-ақ Департамент пен қоғам басшылығының тапсырмасы бойынша ұйымдастырушылық сипаттағы жедел тапсырмаларды орындау.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр