Әкімшілік департаментінің менеджері

«Самұрық - Энерго» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
63

Қаралған саны:
1108

   Конкурс туралы

Қызметтік міндеттері:
1) Қоғам қызметкерлерін жиһазбен, электр құралдарымен қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды уақтылы ұйымдастырады.

2) Тауар-материалдық қорлар мен негізгі құралдардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады, оларды уақтылы жөндеуді, есепке алуды және олардың жұмсалуы туралы есептіліктің дайындалуын, қызметкерге бекітілген шарттар бойынша белгіленген тәртіппен есептен шығаруды үйлестіреді.

3) Қызметкерге бекітілген шарттар бойынша негізгі құралдарды, тауар-материалдық құндылықтарды және шығыс материалдарын уақтылы есепке алуды, түгендеуді жүзеге асырады

4) Жалға берушінің өртке қарсы, санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтауын бақылайды

5) Қызметтік үй-жайларды жинауды бақылауды жүзеге асырады

6) Қоғамда өткізілетін кеңестерге, конференцияларға шаруашылық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға қатысады

7) Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің персоналы үшін ауыз суды жеткізуді үйлестіреді

8) Дизайнерлік (макеттер, мөрлер) және полиграфиялық өнімдерді әзірлеу, дайындау қызметтерін сатып алу жөніндегі іс-шараларға қатысады

9) Қоғам қызметкерлерінің шаруашылық қамтамасыз ету жөніндегі өтінімдерін уақтылы орындайды

10) Қойманың тауар-материалдық құндылықтарды қабылдау, сақтау және босату, жиналатын ТМҚ сақталуын қамтамасыз ету, қызметкерге бекітілген кіріс-шығыс құжаттарын ресімдеу және тапсыру қағидаларын сақтау жөніндегі жұмысын ұйымдастырады

11) Логистиканы уақытылы үйлестіреді және қызметкерге бекітілген ТЖҚ номенклатурасы бойынша тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізу кестесін әзірлейді

12) Техникалық сипаттамалардың, маркетингтік бағалардың сәйкестігі мәселелері бойынша әлеуетті өнім берушілермен байланыс орнатады

13) Қызметкерге бекітілген ТЖҚ номенклатурасы бойынша сатып алу қызметін басқару стандартының талаптарына сәйкес ТЖҚ сатып алуға арналған шарттардың, ТЖҚ жеткізу шарттарының жобаларын әзірлейді және келіседі

14)Қоймаларға материалдық-техникалық ресурстарды қабылдауды, олардың сапасын, саны мен толықтығын тексеруді ұйымдастырады

15) Жетекшілік ететін баптар бойынша бекітілген сатып алу жоспарының (СЖ), қызметтерді сатып алуға немесе тауарларды жеткізуге арналған шарттардың орындалуына тұрақты мониторингті жүзеге асырады және олар бойынша ақы төлеуді жүзеге асырады

16) Орындалған шарттар бойынша жергілікті қамту бойынша есеп береді

17) Қызметкерге бекітілген шарттар бойынша шарттық міндеттемелерді уақтылы орындау бөлігінде департамент шарттарының тізіліміне мониторингті жүзеге асырады

18) Жасалған шарттардың талаптарын бұзған контрагенттер бойынша материалдарды жинайды, наразылық-талап қою жұмысын, наразылық хаттарын дайындауды жүзеге асырады

19) Қоғам қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері үшін мәдени-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын ұйымдастырады

20) Қоғамда өткізілетін кеңестерге, конференцияларға шаруашылық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға қатысады

21) Қызметкерге бекітілген өңірлер бойынша Қоғамның іссапарға жіберілген қызметкерлерінің тұруын ұйымдастыруға арналған қонақүйлермен шарттар жасасады

22) Шартқа қол қойылған күннен бастап 5 күн ішінде жасалған шарттың көшірмесін 1С жүйесінде тіркейді

23) «Қоғамның әкімшілік шығыстарының жекелеген түрлеріне бөлінетін қаражатты пайдалану қағидаларының» талаптарына сәйкес өкілдік шығыстарға ақшалай қаражат бөлу туралы бұйрықты ресімдейді

24) Елдегі эпидемиологиялық жағдай нашарлаған жағдайда корпоративтік орталық кеңсесінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды, оның ішінде қызметкерлерді жеке қорғану, кеңсені дезинфекциялау құралдарымен және басқалармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

25) ӘД қарамағындағы жабдықтар мен құралдар жұмысындағы ақауларды анықтайды және оларды жою жөнінде шаралар қабылдайды;

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

  • Жоғары кәсіптік білім (экономикалық/қаржылық, заңгерлік, гуманитарлық)
  • Кәсіби саладағы практикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл. 
  • Үй-жайларды пайдалану қағидалары, еңбекті ұйымдастыру негіздері, Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заңнамасы сияқты қоғамның әкімшілік-шаруашылық қызмет көрсету қызметін реттейтін заңнамалық және нормативтік құжаттарды білу.
  • Қоғамның жылдық және ұзақ мерзімді сатып алу жоспарын қалыптастыру және мониторингілеу дағдылары
  • Еншілес компаниялардағы әкімшілік-шаруашылық қамтамасыз ету процесін үйлестіру және әдіснамалық сүйемелдеу дағдылары
  • Материалдық қорларды бақылау және басқару дағдылары
  • Негізгі құралдарға, тауар-материалдық құндылықтарға және шығыс материалдарына түгендеу жүргізу дағдылары.
  • Ағылшын тілін білгені жөн
  • Бюджеттерді қалыптастыру қағидаларын, әсіресе өкілдік және шаруашылық шығыстар, ТМҚ шығыстары бөлігінде білу
  • Тауарлар мен қызметтердің бағаларын маркетингтік зерттеу тәртібін білу
  • Ресми іс-шараларды, бизнестегі қоғамдық оқиғаларды ұйымдастыру тәжірибесі: конференциялар, презентациялар, дөңгелек үстелдер, форумдар, семинарлар, кездесулер.
  • Корпоративтік басқару негіздерін білу
  • Ауызша және жазбаша коммуникация негіздерінің дағдылары

Қажетті қабілеттер

  • Навыки формирования и мониторинга годового и долгосрочного плана закупок Общества
  • Навыки контроля и управления материальными запасами
  • Знание порядка маркетинговых иследований цен на товары и услуги
  • Знание основ Корпоративного управления
  • Навыки основ устной и письменной коммуникации

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман