«KEGOC» АҚ «Алматы Жүйеаралық электр тораптары » филиалының бас заң кеңесшісі

Жалақы көрсетілмеген
"KEGOC" АҚ Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
4

Қаралған саны:
1143

   Конкурс туралы
БОС ЖҰМЫС ОРНЫ
«KEGOC» АҚ «Алматы Жүйеаралық электр тораптары »  филиалының
бас заң кеңесшісі 
 
Лауазымдық міндеттері:
1) құқықтық мәселелерді қарау кезінде «Алматы ЖЭТ» филиалының мүдделерін белгіленген тәртіппен үшінші тұлғаларға қатысты мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда ұсыну;
2) «Алматы ЖЭТ» филиалы бұйрықтарының жобаларына құқықтық сараптама жүргізеді және бұрыштама қояды;
3) соттарда, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдарда АД және филиалдың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдануға байланысты мәселелер бойынша аумақтық мемлекеттік органдарға құқықтық сараптама дайындайды немесе жүргізеді және хаттардың жобаларына бұрыштама қояды;
5) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі тендерлердің нәтижелері бойынша жасалатын шарттардың жобаларына, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарына және тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қорытындылары туралы электрондық хаттамаларға құқықтық сараптама жүргізеді, оларға бұрыштама қояды;
6) баға ұсыныстарын сұратуды пайдалана отырып, өнім берушіні таңдау жолымен жасалатын шарттар жобаларына құқықтық сараптама жүргізеді, осындай шарттар жобасына бұрыштама қояды;
7) «KEGOC» АҚ қағидаларына сәйкес сатып алу мәні болып табылмайтын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жасалатын шарттардың жобаларына құқықтық сараптама жүргізеді, осындай шарттарға бұрыштама қояды;
8) «Алматы ЖЭТ» филиалының негізгі қызметі бойынша жасалатын шарттар мен келісімдерге құқықтық сараптама жүргізеді, оларға бұрыштама қояды;
9) «Алматы ЖЭТ» филиалында жасалатын шарттар мен келісімдерді әзірлеуге қатысады;
10) директорға қол қоюға ұсынылатын құқықтық сипаттағы құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына және «KEGOC» АҚ заңды мүдделеріне сәйкестігі туралы қорытындыларды дайындайды;
11) сотта, сондай-ақ құқықтық мәселелерді қарау кезінде басқа да мемлекеттік органдарда белгіленген тәртіппен «KEGOC» АҚ мүдделерін білдіреді;
12) «KEGOC» АҚ пайдасына шығарылған сот шешімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
13) «Алматы ЖЭТ» филиалына қойылған шағым-талаптарға дәлелді жауаптар дайындайды, сондай-ақ заңнамада және «KEGOC» АҚ СТ KEGOC 00-503-07 «Талап-арыз жұмысын басқару» стандартында белгіленген тәртіппен филиалдың борышкерлеріне шағымдар ұсынады;
14) дебиторлық берешекті азайту бойынша жұмыстар жүргізеді;
15) Заң департаментімен алдын ала келісе отырып, сотқа талап арыздарды ресімдейді, белгіленген мерзімде талап арыздарға дәлелді қарсылықтар дайындайды;
16) қолданыстағы активтерге құжаттарды ресімдеу және заңдастыру процесінде сот сатыларының шешімдер қабылдауы қажет болған жағдайларда:
- жер учаскелеріне құқықтарды тіркеу бойынша жұмыстар жүргізу және құжаттарды дайындау;
- жылжымайтын мүлікті ресімдеу бойынша жұмыстар жүргізу;
- қызметтерді сатып алу туралы шарттарды қолдау (жетекшілік ететін шарттар бойынша), шарттық талаптарды орындау әрекеттерін қадағалау, қосымша келісімдер жасасу.
17) қызметкерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдану мәселелері бойынша кеңес береді;
18) «KEGOC» АҚ «Алматы ЖЭТ» филиалының қамту аймағында орналасқан және банкрот деп танылған не оңалтудан өтіп жатқан дебиторлардың тізілімін жүргізеді, осы дебиторлар мәртебесінің өзгеруі туралы Заң департаментіне уақтылы хабарлайды;
19) қауіпсіздік қызметінің және бухгалтерия қызметкерлерінің күзет ұйымдарымен бірлесіп «KEGOC» АҚ мүлкін ұрлау фактілері бойынша материалдардың дұрыс ресімделуіне бақылауды жүзеге асырады;
20) «KEGOC» АҚ-ға жіберілетін құқықтық мәселелер бойынша қызметтік жазбаларға бұрыштама қояды;
21) Заң департаментіне атқарылған жұмыс туралы ай сайынғы есепті ұсыну;
22) MetaDOC  және SAP электрондық құжат айналымы жүйесіндегі шарттар, бұйрықтар, хаттар жобаларына бұрыштама қою;
23) «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ электрондық сатып алу порталында және «KEGOC» АҚ веб-сайтында тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы қорытындылар хаттамасын келісу және қол қою;
24) MetaDOC  және SAP жүйесінде электрондық құжат айналымын жүргізу;
25) SAP бағдарламасына деректерді енгізе отырып, қаржыландыру жоспарын қалыптастыру:
 
Талаптар
 

Білім деңгейі

жоғары/жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Диплом бойынша мамандығы (бағыты)

Құқықтану, құқық

Лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі

Құқықтану саласында

Лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жыл

Кәсіби салада кемінде 5 жыл

Басшы лауазымындағы жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жыл

құпталады

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар

·     Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері;

·        Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметін реттейтін әдістемелік материалдар, бейіні;

•      Кәсіпорын құрылымының мамандану ерекшеліктері;

•      Азаматтық, кәсіпкерлік, коммерциялық, әкімшілік, еңбек, қаржы, салық және заңнаманың өзге де салалары, төрелік іс жүргізу, азаматтық іс жүргізу құқығы;

•      Қылмыстық іс жүргізу құқығының негіздері;

•      Құқықтық құжаттар бойынша іс жүргізу стандарттары;

•      Мемлекеттік органдардың, жергілікті басқару органдарының, сот органдарының құрылымы;

•      Іскерлік қарым-қатынас этикасы;

•      Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларының, өрт қауіпсіздігі талаптарының негіздері;

•      Командада жұмыс істей білу, көшбасшылық және коммуникативтік дағдылар – ынтымақтастыққа ашықтық, көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдылары, түрлі көзқарастар арасында бәтуаға келу және  белсенді түрде сындарлы диалог жүргізу;

•      Кәсіпқойлық (адалдық, әділдік және кәсіби этка қағидаларын қатаң сақтау);

• «Параграф» ақпараттық жүйесімен, «Заң» деректер қорымен жұмыс істеу дағдылары;

Лицензиялар, сертификаттар

·        Қызметтің жетекшілік ететін мәселелері саласында сертификаттардың болуы қажет

Қосымша талаптар

·        WINDOWS XP, WINDOWS 7 операциялыцқ жүйелерін, кеңсе бағдарламалық жасақтамасын (Microsoft Office Word, Microsoft Office Excel, Microsoft Office Outlook) тәжірибелі пайдаланушы, интернет ресурстарын пайдалану дағдылары, кеңсе заттарын (принтер, факс, сканер) қолдана білу.

Еңбек жағдайлары:

- Біліктілікті арттыру жұмыс берушінің есебінен;

- Жұмыс кестесі: 5/2, 8:00-ден 17:00-ге дейін;

- Еңбек демалысы 30 к.к.

- Әлеуметтік пакет: тоқсан сайынғы және жылдық сыйлықақы, оқу демалысына ақы төлеу, еңбек демалысына материалдық көмек;

Жұмыс орны: Алматы қаласы, Шевченко көшесі 162/7

 Бос лауазым тұрақты болып табылады.

Түйіндемені қабылдау 2024 жылғы 25 қыркүйекке (қоса алғанда) дейінгі мерзімде  жүзеге асырылады.
 

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Орташадан жоғары)
  • Орыс тілі (Орташадан жоғары)