"KEGOC" АҚ "Ақмола ЖЭТ" филиалының Заң тобының жетекші заңгері, уақытша, негізгі қызметкердің ауысу мерзіміне

305900 - 305900 KZT
"KEGOC" АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
36

Қаралған саны:
998

   Конкурс туралы

Біліктілікке қойылатын талаптар

Білім деңгейі

Жоғары білім

Диплом (бағыты) бойынша мамандығы

Құқықтану

Лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі

заңды

Лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі

(ұзақтығы), жыл

 

1 жылдан кем емес

Басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жыл

 

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар

· Ұйымның өндірістік-шаруашылық және қаржылық қызметін регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, құқықтық қызмет жөніндегі әдістемелік және басқа материалдарды, шарттарды, ұжымдық шарттарды, салалық және өңірлік келісімдерді жасасу және ресімдеу тәртібін білуге, сондай-ақ пайдаланушы деңгейінде дербес компьютерде жұмыс істеу дағдыларына, заң базасынан жұмыс істей білу мен дағдыларына ие болуға.

Лицензиялар, сертификаттар

·                                                                                                                                        Заң мәселелері жөніндегі біліктілік тобы.

Қосымша талаптар

·    MS office тәжірибелі пайдаланушысы;

·    Қазақ, орыс тілдерін жетік, ағылшын тілін білгені абзал.

 

Лауазымдық (функционалдық) міндеттері:

 

1) Филиалға шағымдарға негізделген жауаптар дайындайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен филиал борышкерлеріне шағымдар қояды;

2) Заң департаментімен алдын ала келісім бойынша "KEGOC" АҚ сотқа талап арыздарды ресімдейді, талап арыздарға дәлелді қарсылықтарды уақтылы дайындайды;

3) құрылымдық бөлімшелердің сұрау салулары бойынша өз құзыреті шегінде құқықтық мәселелер бойынша түсініктеме береді, оларға заңнама және оны қолдану практикасы бойынша ақпараттық материалдар жібереді;

4) филиал қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдану мәселелері бойынша кеңес береді;

5) филиалдың қолданылу аймағындағы және банкрот деп танылған не оңалтудағы "KEGOC" АҚ дебиторларының тізілімін жүргізеді, "KEGOC" АҚ Заң департаментіне көрсетілген дебиторлар мәртебесіндегі өзгерістер туралы уақтылы хабарлайды;

6) филиалдың қауіпсіздік және бухгалтерия жөніндегі топ қызметкерлерінің күзет ұйымдарымен бірлесіп "KEGOC"АҚ мүлкін ұрлау фактілері бойынша материалдардың дұрыс ресімделуіне бақылауды жүзеге асырады;

7) заңнамалық және нормативтік талаптарды айқындау, қажетті ЖҰӨ сатып алу және оларды өзектендіру;

8) тоқсан сайын Заң департаментіне атқарылған жұмыс туралы есеп береді;

9) шағым-талап, шарттық-құқықтық жұмыс бойынша жылдық есептің материалдарын, әзірленген нормативтік-өкімдік құжаттар және берілген сенімхаттар бойынша есептердің материалдарын ресімдейді;

10) бас заң кеңесшісінің құзыретіне кіретін "KEGOC" АҚ филиалы директорының және Заң департаменті директорының өзге де тапсырмаларын орындайды;

11) филиал директорына және "KEGOC" АҚ Заң департаментінің директорына Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзудың анықталған фактілері туралы хабарлайды;

12)филиал басшылығына адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін кез келген жағдай туралы, өндірісте болған әрбір жазатайым оқиға туралы немесе өзінің денсаулық жағдайының нашарлауы туралы, оның ішінде жіті кәсіптік ауру (улану) белгілерінің пайда болуы туралы хабарлайды;

13) міндетті алдын ала (жұмысқа түскен кезде) және мерзімді (еңбек қызметі барысында) медициналық тексеруден өтеді

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Озат)
  • Орыс тілі (Озат)