Бизнесті дамыту және иеліктен шығару департаментінің жобаларды техникалық-экономикалық бағалау басқармасының техниқалық бағалау секторының жетекші маманы (аутстаффинг)
«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Талаптар:
Білімі:
- Жоғары қаржылық/экономикалық білім МВА/басқа лауазымның тиісті бейіні бойынша магистр дәрежесі (қалаулы).
Кәсіби саладағы немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс тәжірибесі:
- Экономикалық бағалау, қаржылық модельдеу және қаржылық талдау саласында кемінде 4 жыл жұмыс тәжірибесі.
Экономикалық қызмет түріндегі ұйымның бейініне сәйкес келетін жұмыс тәжірибесі (ҚМГ және/немесе үлестес ұйымдарда артықшылық беріледі):
- 3 жыл
Мемлекеттік және/немесе ағылшын тілдерін білуге қойылатын талаптар:
- Мемлекеттік тілді білу (жазбаша және ауызша) міндетті түрде, ағылшын тілі міндетті емес.
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер:
- Қаржылық, жобалық және инвестициялық талдау саласында;
- Қазақстан Республикасының заңнамасы саласында, оның ішінде: «Акционерлік қоғамдар туралы», «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы», «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодекс»
- Сапа менеджменті, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау, еңбек қауіпсіздігі және ақпараттық қауіпсіздікті басқарудың интеграцияланған жүйесі саласында;
- Инвестициялық жобаларды іске асыру саласында;
- Еңбек заңнамасы саласында;
- Өрт және экологиялық қауіпсіздік саласында;
- ҚМГ-нің тәуекелдерді басқару жүйесінің және ішкі бақылау жүйесінің негіздері саласында;
- Мемлекеттік тілді (жазбаша және ауызша) білуі абзал.
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
- Қаржылық-экономикалық талдау дағдылары;
- Қаржылық-экономикалық үлгілерді құру дағдылары;
- Топта жұмыс істеу дағдылары;
- Заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жүйелеу, есепке алу және құжаттау дағдылары;
- Келіссөздер жүргізу дағдылары, жұмысты ұйымдастыру және іскерлік хат алмасу.
Осы лауазымдағы функционалдық міндеттер:
- ҚМГ-нің сатып алу және сату үшін перспективалық мұнай-газ және басқа да активтерді, оның ішінде перспективалық мұнайды қараудың барлық кезеңдерінде үшінші тарап ұйымдары мен консультанттарды тарта отырып, техникалық-экономикалық және құнын бағалау кезінде қаржылық-экономикалық есептеулерді жүргізу;
- Перспективалық және қолданыстағы теңіз жобаларын техникалық-экономикалық бағалау кезінде қаржылық-экономикалық есептеулерді жүргізу, оның ішінде теңіз жобаларын синергетика және бірлесіп игеру мүмкіндігін талдау мен зерделеу;
- Сатып алу мен өткізу үшін перспективалық мұнай-газ және басқа да активтерді одан әрі экономикалық бағалау мақсатында активтер мен объектілерді таңдаудың экономикалық өлшемдерін (параметрлерін) айқындау, негіздеу және келісу;
- ҚМГ-нің сатып алу және өткізу үшін жаңа перспективалы мұнай-газ және басқа да активтерді алудың экономикалық тәсілдері мен үлгілерін әзірлеу және негіздеу;
- Жер қойнауын пайдалану жобаларын қараудың барлық кезеңдерінде бөгде ұйымдар мен консультанттарды тарта отырып, жобалардың экономикалық бағалауын ұйымдастыру және жүргізу;
- ҚМГ-нің құрылымдық бөлімшелерімен, еншілес және тәуелді ұйымдарымен және бірлескен кәсіпорындарымен және басқа да мүдделі ұйымдармен және ведомстволармен активтер мен объектілерді экономикалық бағалау мәселелері бойынша тұрақты хат алмасуды ұйымдастыру;
- Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде жобалау, ғылыми-зерттеу, іздестіру институттарымен және ұйымдарымен, сондай-ақ геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы реттеуші және өзге де уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл жасау;
- Жобаларды қараудың әрбір кезеңінде шешімдер қабылдау үшін жаңа жобаларды зерделеу бағдарламаларын іске асырудың барлық кезеңдерінде есептер мен ұсынымдар дайындау;
- Құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ҚМГ-нің құрылымдық бөлімшелерінде қабылданған шешімдерді бақылауды жүзеге асыру және келісу.
Кандидатқа қойылатын ұосымша талаптар (болған кезде):
- Лауазымдық нұсқаулықта және еңбек шартында, басшылықтың нұсқауларында көзделген функционалдық міндеттерді тиісінше орындау, оның ішінде ҚМГ-нің ішкі құжаттарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіби және іскерлік этиканы сақтау;
- Ұсынылатын ақпараттың сенімділігі мен уақтылығын қамтамасыз ету;
- Өз құзыреті шегінде процестерді әзірлеуді және кейінгі мониторингті, оларды үздіксіз жетілдіруді және ішкі құжаттар талаптарына сәйкес процестерді құруды қамтамасыз ету;
- Тәуекелдерді уақтылы анықтау, бағалау және оларды басқару жөніндегі шараларды қабылдау, ҚМГ-нің басшылығына және тәуекелдерді басқаруға жауапты бөлімшеге ықтимал немесе анықталған тәуекелдер туралы уақтылы хабарлау, тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылау, сондай-ақ оның орындалуы туралы есептерді уақтылы ұсыну;
- Құрылымдық бөлімше қызметкерлерінің еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтауы, сондай-ақ оның сақталуын қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасы заңнамасының және ҚМГ-нің ішкі құжаттарының талаптарын сақтау;
- Қызметтік құжаттаманың сақталуын және ақпараттың құпиялылығы талаптарының сақталуын, ал мемлекеттік құпияларға рұқсат алу кезінде – құжаттармен жұмыс істеудің белгіленген шарттарын сақтау;
- Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
Ұқсас вакансиялар
«Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС жиынтық баланстар және бухгалтерлік есеп бойынша функционалдық бағыттың менеджері
«Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
27.11.2024 | 93
от 382762
Қарыз алу және инвесторлармен жұмыс департаментінің бас менеджері (18 грейд)
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
27.11.2024 | 145
Жалақы көрсетілмеген