ТЧЭ-3 Атырау эксплуатациялық локомотив депосы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС персоналмен жұмыс және еңбек қатынастары бөлімінің менеджері - Атырау мемлекеттік кәсіпорны филиалы

от 225803
ТЧЭ-3 АТЫРАУСКОЕ ЭКСПЛУАТАЦИОННОЕ ЛОКОМОТИВНОЕ ДЕПО 2 группы Атырау облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
16

Қаралған саны:
629

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:
  • Іс жүргізу, кадрлық іс жүргізу Нұсқаулықтарына сәйкес, кадрлар жәнеәлеуметтік мәселелер бойынша дайындалатын жоспарлардың, кестелердің, хаттардың және басқа да құжаттардың жобаларын;
  • Филиал құрылымдары туралы Ережелерді, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын, ұйымдастырып-реттеу құжаттарының жобаларын;
  • Кадрлармен жұмыс істеу мәселелері туралы мәжілістердің хаттамаларын;
  • Филиалдың есепке алынатын лауазымдар номенклатурасын, штаттық кестесін, құрылымын келістіреді.
  • Бөлімнің және бөлім қызметкерлерінің жұмыс жоспарын бекітеді;
  • Бөлім мамандарының есеп берудің және басқа да іс қағаздарының уақыттары мен формаларын сақтауын, бөлім қызметіне сараптама жүргізулерін;
  • бөлім қызметкерлерінің 1- қосымшада көрсетілген Қоғамның жергілікті актілерінің, нормативтік құжаттардың талаптарын орындалуларын;
  • жасақталған кестеге сәйкес, қызметкерлердің уақытында медициналық байқаудан өтулерін;
  • қолданылған тәртіптік жазалар туралы, жұмысқа қабылдау, ауыстыру, жұмыстан босату, қызметкерлердің біліктілігін арттыру, оқыту бұйрықтарының заңдылықтарын, уақытында тіркелуін;
  • хаттар, бұйрықтар, өкімдер, іссапар куәліктері бланктерінің, мөрлердің, қалыптардың сақталуын, есептерін жүргізе отырып, дұрыс пайдалануды;
  • белгіленген тәртіппен мемлекеттік, салалық марапаттарға ұсынылатын қызметкерлердің құжаттарын дайындап беруді;
  • филиалдың кадрлық резервін жүргізуді;
  • құрылымдар туралы Ережелерді, лауазымдық нұсқаулықтарды қатысты бөлім басшылыарының белгіленген талаптарға сәйкес жасақтауларын;
  • еңбек демалыстарын беруде еңбек заңдылықтарының сақталуын;
  • қызметкерлердің еңбек тәртібін  сақтауларын;
  • сырқаттарына байланысты диспансерлік есепте тұрған қызметкерлердің есебін жүргізуді, Филиал бойынша сырқаттану статистикасын жүргізуді;
  • кадрларды оқыту мен біліктілігін арттыруды бақылайды.
  • Филиалда кадрлардың толық болуын;
  • кадрлық іс жүргізудің дұрыстығын;
  • әлеуметтік іс-шаралардың өтуін, зейнеткерлермен жұмыс істеуді, шипажайларға жолдамалардың  берілуін;
  • жұмысқа, лауазымдарға орналасуға берілген өтініштерді қарауды, кадр және әлеуметтік мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауды;
  • мемлекеттік тілге  оқытуды, құжаттардың мемлекеттік тілде жүргізілуін;
  • корпоративтік, мәдени-көпшілік және спорттық іс-шаралардың өтуін;
  • қызметкерлердің лауазымдарына сәйкестігі туралы кезекті аттестациялардың өтуін;
  • бөлім қызметкерлерінің қызметтік, коммерциялық құпияларын сақтауын;
  • Қазақстан Республикасының еңбек заңдылықтары жөніндегі техникалық сабақтардың өтуін;
  • бөлім қызметкерлері үшін еңбек жағдайлары мен санитарлық- гигиеналық нормалардың белгіленген талаптарға сәйкестігін;
  • бөлім қызметкерлерімен еңбекті қорғау, қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді.
Біліктілік талаптары:
  •  білімі:  жоғары ( жоғарғы оқудан кейінгі білім);
  •  мамандығы:  Экономика, Менеджмент, Психология,  Заңгерлік, Филология, Әлеуметтік жұмыс, Педагогикалық мамандықтар, Теміржол мамандықтары.
  •  Өтілі:  мамандығы бойынша, немесе персоналды басқару қызметіндегі еңбек өтілі 2 жылдан кем емес;

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр