"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Интеграцияланған жоспарлау дирекциясы"филиалының тиеуді және түсіруді ұйымдастыру департаментінің директоры
- Құрылған күні:
- 14.10.2024
- Берілген өтінім:
- 10
- Қаралған саны:
- 285
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Жүктерді тиеу мен түсірудің жоспарлы көрсеткіштерін орындау үшін тасымалдау процесін ұйымдастыруды жүзеге асыру кезінде басқару жүйесінің жетілдірілуін бақылайды;
- Жүктерді тасымалдаудың логистикалық схемаларын, оның ішінде маршруттық жөнелтілімдерді ұйымдастыру мәселелері бойынша тасымалдау процесінің қызметін үйлестіруді бақылайды;
- Жүктерді тиеу мен түсіруді ұйымдастыру жөніндегі қызметті үйлестіруді бақылайды;
- Достық пен Алтынкөл шекаралық өткелдерінің импорттық және экспорттық жүктерді уақтылы тиеу және қайта тиеу, жылжымалы құрамның меншік иелері мен операторларының вагондардың қажетті санын жеткізуі бөлігінде жұмысын үйлестіруді бақылайды
- ҚР аумағы бойынша жүретін жалға берілген мүкәммал паркінің жүк вагондарының есебін әкімшілендіруді бақылайды;
- ҚР мен ҚХР арасында, сондай-ақ ҚР теңіз порттары арқылы жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру кезінде туындайтын техникалық және технологиялық мәселелердің шешімдерін бақылайды.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары; Тиісті лауазым бейіні бойынша магистр дәрежесінің болғаны жөн.
- Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиясы, логистика, тасымалдауды ұйымдастыру, көлік қозғалысы және пайдалану, менеджмент, маркетинг, халықаралық қатынастар, құқықтану, халықаралық құқық, Автоматтандыру және басқару және/немесе теміржол мамандықтары.
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 6 жыл, оның ішінде қызмет бейіні бойынша басшылық лауазымдарда кемінде 4 жыл (департамент басшысының орынбасары/ басқарма бастығы (жетекшілік ететін функционалдық бағыт) лауазымдарында кемінде 2 жыл)
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр