Сервистік фабриканың Орталық өңірінің өңірлік директоры

«Қазақтелеком» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
11

Қаралған саны:
316

   Конкурс туралы
Міндеттері:
1) басқарушылық қызметті құжаттандыру, филиал қызметін регламенттеу, орындаушылық тәртіпті мониторингілеу және бақылау; 

2) жылжымайтын мүлік объектілерін басқару, аймақ бойынша Қоғамның жылжымайтын мүлік объектілеріне құқық белгілейтін құжаттарды сақтау және олардың сақталуын қамтамасыз ету;

3) үй-жайларды бөгде адамдардан жалға алу және өндірістік үй-жайларды бөгде адамдарға жалға беру;

4) аймақ бойынша Қоғам филиалдарының негізгі және қосалқы бизнес-процестерін көліктік қамтамасыз ету;

5) азаматтық құрылыстардың әкімшілік және технологиялық мақсаттағы алаңдарын салу, реконструкциялау, ағымдағы және күрделі жөндеу;

6) ғимараттарды күтіп ұстау және шаруашылық қызмет көрсету; 

7) өңір бойынша Қоғам филиалдарының қызметкерлерін кеңсе керек-жарақтарымен, жиһазбен және шаруашылық тұрмыстық заттармен жұмыс орындарын ұйымдастыру және жарақтандыру;

8) аймақ бойынша Қоғам филиалдарының қызметін толық және уақтылы материалдық-техникалық қамтамасыз ету, қоғамның ішкі құжаттарының талаптарын сақтай отырып, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды келісу;

9) өңірдің құрылымдық бөлімшелерінің есебіндегі негізгі және төмен құнды құралдардың сақталуы;

10) қоғамда мемлекеттік тілді енгізу және дамыту Бағдарламасын іске асыру;

11) тиісті өңір бойынша еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі жұмысқа жалпы басшылық жасау;

12) тиісті өңір бойынша телекоммуникация объектілерінің өртке қарсы қауіпсіздігі; 

13) ҚР Еңбек кодексінің, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" ҚР Кодексінің және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария жөніндегі басқа да заңнамалық және нормативтік құжаттардың талаптарын орындау;

14) әкімшілік-шаруашылық бағыттағы шығындарды оңтайландыру/кірістерді арттыру жөніндегі бөлімшелермен өзара іс-қимыл жасау. Міндеттерді қою және орындалуын бақылау;

15) пайдаланылатын ресурстарды қосымша монетизациялау және оларды пайдалану тиімділігін арттыру мүмкіндіктерін іздеу;

16) қолдау функциялары бағыты бойынша шығындарды оңтайландыру/ кірістерді арттыру бойынша қосымша бастамаларды әзірлеу және олардың іске асырылуын бақылау;

17) қолдау функцияларын оңтайландыру жөніндегі орталықтандырылған өкімдерді орындау шеңберінде процестер мен пайдаланылатын ресурстардың тиімділігін арттыру жөніндегі жергілікті бағдарламаларды әзірлеу;

18) берілген өкілеттіктер шегінде қоғамның мүдделерін жергілікті өкілді (мәслихаттар) және атқарушы (әкімдіктер) органдарда, мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінде қолдау функциялары бағыты бойынша, сот инстанцияларында, сатып алу рәсімдерін жүргізу, уәкілетті мемлекеттік органдарда рұқсат құжаттарын алу кезінде ұсыну.

19) филиалдың өңір бойынша мынадай құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне бақылауды жүзеге асырады және дербес жауапты болады:
Көлікпен қамтамасыз ету орталығы;
Өндірістік-шаруашылық қамтамасыз ету орталығы.

Талаптар:
Өңірлік директордың жоғары білімі және ұйымның бейініне сәйкес келетін мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл болуы тиіс.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр