Өндірістік оқыту шебері "ҚТЖ" ҰК" АҚ филиалы - "Темір жол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығы"

555803 - 588339
"ҚТЖ" "ҰК АҚ "Теміржол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығы" филиалы Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
27

Қаралған саны:
479

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

1 Филиалға оқуға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға келген Қоғам қызметкерлерін кәсіби даярлау шеңберінде жүзеге асырылатын циклдік комиссияның жұмысына 
қатысады. 2 Филиалдағы Қоғам қызметкерлерін оқыту кезінде оқу сабақтарына қатысуын бақылауды қамтамасыз етеді
3 Еңбектің озық әдістеріне, заманауи құрал-жабдықтармен және инновациялық өндірістік технологиялармен жұмыс істеу дағдыларына кәсіптік оқыту бойынша оқу сабақтарын,
зертханалық жұмыстарды, практикалық жаттығуларды және оқу-өндірістік жұмыстарын жүргізеді. 4 Оқу сабақтары мен зертханалық жұмыстарға технологиялық жабдықтарды дайындайды
5 Кәсіптік оқыту мамандықтары бойынша оқу-әдістемелік кешендерін қалыптастыру бойынша жүйелі жұмысты қамтамасыз етеді.

6 Оқу кабинеттері мен зертханаларды басқарады, технологиялық жабдықтармен, құралдармен, материалдармен, қосалқы бөлшектермен, шығын материалдарымен және оқу 
құралдарымен уақтылы қамтамасыз ету шараларын қабылдайды.
 

Біліктілік талаптары:

Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
Мамандығы: көлік, көлік техникасы және технологиялары (локомотивтер), машина технологиясы және жабдықтары, темір жол жылжымалы құрамына техникалық қызмет көрсету, 
жөндеу және пайдалану, темір жолды электрлендіру. көлік, электровоз өнеркәсібі Жұмыс өтілі: тиісті тартым түріндегі локомотив машинисі болып кемінде 3 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Маман