"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Қостанай магистральдық желі бөлімшесі"филиалының директоры
- Құрылған күні:
- 28.11.2024
- Берілген өтінім:
- 7
- Қаралған саны:
- 174
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Компанияның жергілікті актісімен бекітілген Бөлімше туралы Ережеде қаралған Бөлімше қызметінің орындалуын қамтамасыз етеді;
- еңбек қорғау мен қауіпсіздік және пойыздардың қауіпсіздік қозғалысын қамсыздандыруды ұйымдастыруға өзінің қатысу нормативін орындайды;
- Бөлімшенің қызмет шегінде мемлекеттік, қоғамдық және басқа мекемелер мен ұйымдарда Компанияның мүддесін көрсетеді;
- Бөлімшеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының сақталуын бақылайды;
- Бөлімше қызметкерлерінің еңбек және атқару тәртібін бақылауды жүзеге асырады;
- Бөлімшенің бекітілген бюджеті шегінде және Бөлімшенің қызметі аясында Компания атынан шартта (келісім-шарт, келісім) белгіленген тәртіппен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңында қаралған жағдай және тәртіппен, Бөлімшенің қажетіне электрлік қуатты сатып алу туралы шарттарды бекітеді, өзгертеді, бұзады;
- Компанияның жергілікті актілері мен Қазақстан Республикасы заң талаптарына сәйкес өкілеттілігі шегінде Бөлімшенің барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар мен өкімдерді шығарады;
- Компанияның жергілікті актілері мен Қазақстан Республикасы заң талаптарына сәйкес еңбек қатынастарын реттейтін басқа құжаттарды шығару және Бөлімше қызметкерлерімен еңбек шартын бекітеді, өзгертеді және бұзады;
- Компанияның жергілікті актілері мен Қазақстан Республикасының еңбек заңына сәйкес қатынасы;
- Компанияның жергілікті актілері мен Қазақстан Республикасы еңбек заңына сәйкес Бөлімше қызметкерлерін ынталандыру және оларға тәртіптік жаза қолдану шараларын қолданады.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғарғы
- Саладағы мамандығы: Құрылыс (Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы, темір жол құрылысы; Көпірлер мен көлік тоннельдері); Көлік, көлік техникасы мен технология; Көтеру көлік, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтарын техникалық пайдалану «Автоматизация және басқару», «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар», «Автоматика, телемеханика және теміржол көлігіндегі байланыс», «Радио байланыс и радио хабарлама тарату»; «Электроэнергетика»; «Менеджмент»; «Көлік қозғалысы және пайдалану, тасымалдауды ұйымдастыру».
- Жұмыс тәжірибесі: теміржол мекемелерінде басшылық қызметте кемінде 5 жыл, оның ішінде мамандық бойынша/белгілі бір бағытта 8 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр