"ҚТЖ- Жүк тасымалы» ЖШС - "ЖТ Ақмола бөлімшесі" филиалы Курорт-Боровое 1 -класс станциясының тауарлық кассирі
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- 08.45 және 20.45 -те кезекшілікке келе отырып, планерлік кеңестерге қатысуға міндетті, еңбекті қорғау бойынша нысаналы нұсқама, қозғалыс қауіпсіздігі бойынша нұсқама, станция басшылығынан ауысымға арналған жұмыс жоспарын алады
- тексеру жүргізеді, жоспар, өтінім, транзит төлемі, жүк жөнелтішінің ЕЛС-на ақшалай қаражатының болуы болған кезде алымдар мен айыппұлдардың барлық түрлерінің тарифін өндіріп алып, бос тиелген вагондарға Бурабай -Курорты, Джамантуз, Жасыл станциясы бойынша тасымалдау құжаттарын ресімдейді
- аға тауар кассирінің тапсырмасы бойынша жүк жөнелтушілерге ГУ-1 нысанының есепке алу карточкаларыне қол қоюға ұсынады және онкүндік және айлық өтінімдері орындамау бойынша айыппұлдарды уақтылы есептеуді және өндіріп алуды жүргізеді
- құжаттарда мөртабандарды ұсынуға жауапты (шұғыл, күнтізбелік, қауіпті жүктерді тасымалдау)
- ФДУ-92 нысанындағы жинақтаушы карточкаларды уақтылы ресімдейді ГУ-45 нысанындағы вагондарды беру және жинау жадынамалары негізінде ГУ-46 нысанындағы вагондарды беру және жинау ведомосін ГУ-23 жалпы нысанындағы актілерді АСУ ДКР, АРМ АГКР
- жүктерді беруді, жүк жөнелтушінің, жүк алушының қатаң есептілітегі тасымалдау құжаттарының жиынтығын есеп журналына қол қойғызып сенімхат болған кезде беруді жүргізеді және олардың пайдаланылуын немесе қайтарылуын бақылайды
- кеден одағына кірмейтін елдерден импорттық жүктер келгеннен кейін кеден органдарына құжаттарды жеткізуге шарттар жасалғаннан кейін жүк алушының кедендік бақылау үшін құжаттарды беруін және кері қайтаруын жүргізеді
- Ресей, Қырғыстан, Беларусь, Армения вагондарынан басқа бөтен әкімшіліктердің вагондары болған жағдайда, ауысым сайын 4773,4775 анықтамалары, көлік құралдарын уақытша енгізу мерзімдерінің (СВВ) сақталуын бақылау үшін көлік құралына арналған кедендік декларацияның (ТДТС) нөмірі туралы, бұл туралы жүк алушылар мен жүк жөнелтушілерді қол қойғызып жазбаша хабардар етеді
- жасалған шарттар негізінде "Қазтеміртранс" АҚ меншіктің бос вагондарына тасымалдау құжаттарын уақтылы ресімдеуді және кредиттеуден өткізуді жүргізеді
- ГО-1 ГО-2, ГО-3, ГУ-3, ГУ-4, ФДУ-91, ФДУ-93 тәуліктік есептерін жасайды
Біліктілік талаптары:
Білімі: жоғары , орта (кәсіби және техникалық)Мамандығы: темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару, темір жол көлігінде жүк және комерциялық жұмыс
Жұмыс тәжірибесі: жоғары бойынша: жүк пен багажды қабылдап-тапсрушы лауазымында кемінде 2 жыл, оның ігішде 1 жыл поездарды қабылдаушы тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі оператор (СТЦ), орта бойынша : жүк пен багажды қабылдап-тапсрушы лауазымында кемінде 5 жыл, оның ігішде 1 жыл поездарды қабылдаушы тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі оператор (СТЦ)
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Колледж
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Орташа)
- Орыс тілі (Озат)