B2O сату жөніндегі бас маман
«Қазақтелеком» АҚ Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- 1) байланыс операторларының Қоғамның телекоммуникация желісіне қол жеткізуін қосылуға арналған тарифтерге қолданылатын белгіленген нормативтік құжаттар мен қағидаларға сәйкес ұйымдастыру бойынша операторлармен өзара әрекеттеседі 2) облыстың географиялық аумағында қосылатын байланыс операторлары мен КБД арасындағы шарт талаптарын және басқа да өзара қатынастарды келісімдейді 3) жетекшілік ететін келісім-шарттар шеңберінде B2O сегментінде қызметтерді көрсетуге арналған шарттарды дайындайды және келісімдейді 4) жетекшілік ететін келісім-шарттар шеңберінде B2O сегментінде жасалған шарттар бойынша есеп айырысулар жүргізеді 5) жетекшілік ететін шарттар шеңберінде B2O сегментінде жоспарланған көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз етеді 6) жетекшілік ететін шарттар шеңберінде байланыс операторларының сұраныстарын өңдеуді және жауаптар дайындауды қамтамасыз етеді 7) ОА сұраныстары бойынша есептерді және жауаптарды, олардың дұрыстығын және уақытылығын қамтамасыз ете отырып дайындайды 8) жаңа қызмет түрлерін, топтамаларын және т.б. енгізу үшін ұсыныстар жолдайды 9) қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша лауазымдық нұсқаулықтарда белгіленген қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы қызметкерлердің құқықтары мен міндеттерін сақтау және орындау 10) БМЖ және АҚМЖ жұмыс күйінде ұстау және жақсарту бойынша іс-шараларға қатысу 11) БМЖ және АҚМЖ арасындағы сәйкессіздіктердің себептерін жою үшін түзетулер енгізу және түзету әрекеттерін орындау
Талаптар:
- 1) соңғы өзгерістерді ескере отырып, қолданыстағы заңнаманы білу; 2) телекоммуникация желілерін жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісіне қосу және Қазақстан Республикасының жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі арқылы трафикті беруді реттеу қағидаларын білу; 3) шарттарды жасау және жасасу тәжірибесінің болуы 4) электрондық құжат айналымымен, осы лауазымда жұмыс істеуге қажетті қолданбалы компьютерлік бағдарламалармен жұмыс істеу дағдылары болуы: Microsoft Office (Word, Excel, Power Point), Siebel, CRM 2.0, ACP, EDMS ; 5) лауазымды атқару үшін қажетті көлемде мемлекеттік тілді білу; 6) іскерлік хат алмасу дағдылары, іскерлік қарым-қатынас дағдылары, клиенттік базаны құру, дамыту және қолдау дағдылары болуы; 7) еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі, өндірістік санитария, азаматтық қорғаныс ережелері мен нормаларын, сондай-ақ қызмет көрсетуге жататын нормативтік құқықтық актілерді білу; мемлекеттік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды қорғау
- техникалық/экономикалық жоғары білім
- 2 жыл
Шарттары:
- Аналитикалық ақыл-ой, оқу қабілеті, стандартты емес шешім қабылдау қабілеті, тиімділік, шешімділік, күйзеліске төзімділік, жоғары жауапкершілік дәрежесі, коммуникативті дағдылар, іскерлік этика, еңбексүйгіштік, топта жұмыс істей білу, тәртіптілік, ұқыптылық