Шымкент және Түркістан облысындағы Корпоративтік сату орталығының директоры

«Қазақтелеком» АҚ Шымкент қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
4

Қаралған саны:
90

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • 1 бекітілген тәсілдер, қағидаттар мен стандарттар шеңберінде макроөңірге жеткізілген сатылымдарды іске асыру жөніндегі міндеттерді әзірлейді және жасайды 2 жыл сайын өңірдің мақсаттарына сәйкес бөлімшенің ПӘК (пайдалы әсер коэффициенті) қалыптастыру бойынша ұсыныстарға бастамашылық жасайды және олардың орындалуына жауапкершілік алады 3 өңірде телекоммуникация желілерін дамытудағы неғұрлым перспективалы бағыттар бойынша ұсыныстарға бастамашылық жасайды 4 үдерістер мен рәсімдерді жақсарту бойынша ұсыныстарды басшылықтың қарауына шығарады 5 өңірдің жеткізілген сату жоспарының, есептелген кірістердің және кассаның орындалуын қамтамасыз етеді 6 өңірдің жаңа қызметтері мен сервистерін ілгерілету жоспарының орындалуын қамтамасыз етеді 7 баға саясатын қалыптастыруды және өңірде қолданыстағы жеңілдіктер жүйесін қолдануды бақылайды 8 күрделі салымдар бюджеті және өңірдің жобалары бойынша жедел резерв шеңберінде ұсыныстар қалыптастырады, бастамашылық етеді 9 өңірдің дебиторлық берешек деңгейі бойынша жеткізілген көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз етеді, өңір абоненттерінің дебиторлық берешегін төмендетуге және өтеуге бағытталған іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады 10 клиенттердің өтініштерін, олардың ұсыныстары мен шағымдарын әділ және уақтылы қарауды қамтамасыз етеді 11 бөлімше портфелінің ішінде клиенттерді қайта сегменттеуге бастамашылық етеді және бақылайды 12 өңірдің клиенттік базасын және клиенттерінің кіріс бөлігін ұстап қалуды қамтамасыз етеді 13 жаңадан енгізілетін қызметтер мен сервистерді танымал ету іс-шараларының өткізілуін ұйымдастырады, клиенттерді ismet.kz. порталы туралы хабардар ету үдерісін ұйымдастырады, телекоммуникация қызметтерін көрсетуге арналған шарттар мен қосымша келісімдерді жасасу және қайта жасасу жөніндегі жұмысты бақылауды жүзеге асырады 14 өңірде салынып жатқан жаңа кәсіпкерлік нысандары туралы ақпарат жинауды ұйымдастырады, күрделі салымдар бюджеті, жедел резерв есебінен желілерді салу ұсыныстарына бастамашылық етеді және нысандарды жедел қосу үшін барлық мүмкін болатын балама техникалық шешімдер бойынша техникалық қызметтермен жұмыс жүргізеді 15 бөлімше қызметкерлері тұтынушылардың өтініштері негізінде телекоммуникация қызметтерін желіден ажырату үдерісін, сондай-ақ абоненттерді ұстап қалу және жылыстаумен жұмыс жүргізу үдерісіні бақылауды жүзеге асырады, өңірдегі негізгі тұтынушылардың қызметтерден бас тартуына жол бермеу бойынша жедел шаралар қабылдайды. 16 «Қазақтелеком» АҚ қызметтерін мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне қатысуды қамтамасыз етеді, конкурстық құжаттаманың дайындалуын бақылайды, мемлекеттік сатып алу бойынша жұмыстың толық циклін қамтамасыз етеді, жеңіліс тапқан мемлекеттік сатып алу конкурстары бойынша қызметтерді уақтылы тарату үдерісін бақылайды, бюджет қаражатын алдын ала игеру шеңберінде телекоммуникациялық қызметтерге қажеттілікті анықтайды. 17 бәсекелестердің баға ұсыныстарының, бәсекелестік ортаның талдауын жүргізеді, қажет болған жағдайда, қолданыстағы тәртіптемелер аясында ағымдағы баға ұсыныстарын жаңартады, өнімдік ұсыныстарды, жеңілдіктер жүйесін, тәртіптемелерді және т.б. жетілдіру бойынша ұсыныстарға бастамашылық жасайды 18 өңір бойынша штат санының жиынтығын, 3 айдан астам штат санының жеткіліксіз болуына жол бермеуді бақылайды 19 жүктелген міндеттерге сәйкес жұмыскерлер арасындағы лауазымдық міндеттерді бөледі 20 өңір қызметкерлерін ауыстыруға, жоғарылатуға және жұмыстан шығаруға, компанияның ішкі рәсімдері мен стандарттарына сәйкес жалақыларын түзетуге бастамашылық жасайды 21 жүргізілген бағалау қорытындылары бойынша өңір қызметкерлерінің оқытылуы мен дамуын жоспарлайды 22 «Қазақтелеком» АҚ жаңа қызметтерін таныстыру мақсатында кездесулер өткізуді қамтамасыз етеді, негізгі тұтынушылармен жеке кездесулер өткізеді және жеке ұсыныстарды әзірлейді, коммерциялық ұсыныстарды, техникалық ерекшеліктерді дайындауды және таратуды ұйымдастырады, кері байланысты бақылайды және ақпараттық жүйелерде қызметкерлердің тұтынушылармен өзара қарым-қатынас жүргізу тарихын бақылайды. 23 өз бөлімшесіндегі жұмыскерлердің жеке мақсаттар қоюын ұйымдастырады және олардың іске асырылуын бақылайды 24 қарамағындағы жұмыскерлердің ішкі құжаттармен танысуын қамтамасыз етеді. 25 қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша лауазымдық нұсқаулықтарда белгіленген еңбек қауіпсіздігі және денсаулықты қорғау саласы бойынша жұмыскерлердің құқықтары мен міндеттерін сақтайды және орындайды 26 КБД-да АҚМЖ және БМЖ-ны жұмыс жағдайында ұстау және жақсарту іс-шараларына қатысады 27 БМЖ және АҚМЖ сәйкессіздіктерінің себептерін жою үшін түзетулер енгізеді және түзету әрекеттерін алдын ала қабылдайды

Талаптар:

  • жоғары экономикалық/қаржылық/маркетингтік/техникалық білім
  • 5 жастан бастап

Шарттары: