Электромеханик (сигнализации, централизации и блокировки) Бригада по обслуживанию устройств поста электрической централизации ЭЦ ст. Арал тенизи 1 группы Казалинская дистанция сигнализации и связи
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Қызметтік міндеттері:
жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі мен қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария талаптарын сақтау;
Техникалық күтімге алудың бекітілген жоспар-кестелері мен басқа да жоспарлар бойынша жұмыстар жүргізу;
Электромонтерлердің жұмыстарын ұйымдастыру және сол жұмыстардың орындалу сапасына бақылау жасау
Еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі жөніндегіережелері мен нұсқауларының, санитарлық ережелер мен нормалардың талаптарын орындай отырып, СОБ құрылғыларының техникалық күтімге алу және жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
СОБ құрылғыларының жұмысындағы істен шығулар туралы хабарлама алған жағдайда, мән-жайды анықтау және кемшілікті жоюға қажетті шаралар қолдану;
Қолданылатын шаралар туралы сигнализация және байланыс дистанциясы диспетчері мен телімнің аға электромеханигіне баяндау, қажет болғанда олардан көмек сұрау. Істен шығуды жойғаннан соң, СОБ құрылғыларын техникалық күтімге алу және жөндеу жұмыстарын жүргізу кезіндегі поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықтардың талаптарына сәйкес тексеру журналына жазба жасау және сигнализация және байланыс дистанциясы диспетчері мен телімнің аға электромеханигіне істен шығудың себебін және жойылған уақытын хабарлау;
СОБ сигналдық желілерінде мұздану мен қыраулану орын алғанда, сонымен қатар, СОБ құрылғыларының жұмысқа жарамды жағдайының бұзылуын тудыратын немесе олардың қалыпты жұмысына қауіп төндіретін табиғи құбылыстар орын алған жағдайда, ол туралы дереу сигнализация және байланыс дистанциясы диспетчеріне немесе жоғары тұрған басшыларына хабарлап, СОБ құрылғыларының істен шығуларын алдын алуға бағытталған шараларды жүзеге асыру;
Табиғи құбылыстардан кейін СОБ құрылғыларын кезектен тыс қарауды жүргізу немесе олардың дұрыс істеуін тексеру. СОБ құрылғыларын қарау немесе тексерудің қажеттілігін, тәртібі мен кезектілігін сигнализация және байланыс дистанциясы диспетчері арқылы сигнализация және байд\ланыс дистанциясының басшылығымен келісу;
Ай сайын жүргізілетін және басқа да комиссиялық қарауларға, сонымен қатар СОБ құрылғыларының басқа да тексерулеріне қатысады және өз телімінде анықталған оларды күтіп ұстаудағы кемшіліктерді дереу немесе белгіленген мерзімдер ішінде жою;
Анықталған кемшіліктерді сол күні немесе белгіленген мерзімде өз күшімен жоя алмаған жағдайда, ол туралы бақылау және көмек жасау үшін сигнализация және байланыс дистанциясы диспетчеріне хабарлау;
Өзіне бекітілген телімдегі СОБ құрылғыларын қыс жағдайында жұмыс істеуге дайындау жұмыстарын уақытында және сапалы түрде орындау;
Аға электромеханигіне күтімге алынатын СОБ құрылғыларының сенімділігін арттыру, оларды жөндеу, ауыстыру және қыс жағдайындағы жұмыстарға дайындау шараларын әзірлеуге қажетті ұсыныстар жасау;
Арнайы бригадалар немесе құрылыс ұйымдары жүргізетін жөндеу және құрылыстық-монтаждау жұмысының өткізілу тәртібі мен сапасына бақылау жасау, орындалған жұмыстарды қабылдауға қатысу. Жұмыс жүргізу ережелері бұзылған жағдайда немесе жұмыстарды келісімсіз жүргізгенде аға электромеханигі мен сигнализация және байланыс дистанциясы диспетчерін құлақтандыра отырып, аталмыш жұмыстардың дереу тоқтатылуын талап ету;
Күтімге алынатын СОБ құрылғыларының техникалық құжаттарын тізімдемеге сай және дұрыс күйінде сақтау, қолданылмаған СОБ құрылғыларының бекітілген техникалық құжаттамаға сай болуын қамтамасыз ету. Осы нұсқаулықта бекітілген мерзімге сай аспаптардың ауыстырылуын жүзеге асыру және бақылау;
Сигнализация және байланыс дистанциясы диспетчерінің өкімімен, аға электромеханигін хабардар ете отырып, басқа телімдегі СОБ құрылғыларының істен шығуларын жоюға қатысу;
МЖБ нәтижесін үнемі жақсарту және жұмыс жасауын қамтамасыз ету, МЖБ талаптарын сақтау;
Толық сай келуін, бағалауды және қатерді басқаруды жүзеге асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
Біліктілік талаптары:
Білімі
орта-техникалық и профессионалды арнайы дайындық курсы
Еңбек тәжірибесі
дистанцияда 2 жылдан кем емес электромонтер ретінде
Қажетті білім дәрежесі
- Техникалық және кәсіптік білім беру