"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "көпфункционалды қызмет көрсету орталығы"филиалының Алтынкөл ст. есепке алу тобының жетекші маманы
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Келіп түскен бастапқы құжаттардың дұрыстылығын тексеріп, SAP жүйесінде іс-сапар шығындврын, қызметкерлердің сыйақы төлемдерін, тағы басқа қызметкерлердің төлемдерін тексеру
- Еңбекақы төлемі мен қызметкерлердің басқа да төлемдерінің дұрыстығын, толықтығын және уақытылы орындау
- SAP жүйесінде пайдаланылмаған демалыстар бойынша резервті дұрыстылығына тексеру;;
- әр қызметкер бойынша шоттарды толтыру және төлем түбіртектерін жабыстыру
- Басшы құзіретінің жеке тапсырмаларын орындау;
- іссапар шығындары бойынша аванстық есептерді және басқа да есепті сомаларды ресімдеудің дұрыстығын тексеру (ПЧ-62 Алтынкөл); персоналға үстемеақылар бойынша алынған құжаттардың жүйедегі құжаттарға сәйкестігін тексереді (ПЧ-62 Алтынкөл);
- келіп түскен еңбекақы төлеу құжаттарының жүйедегі құжаттарға сәйкестігін тексереді (ПЧ-62 Алтынкөл);
- персоналмен есеп айырысу, еңбекақы, есеп берушілермен есеп айырысу, несиелер бойынша персоналмен есеп айырысу, атқару құжаттары, табыс салығын, әлеуметтік салықты, әлеуметтік аударымдарды, кәсіподақ жарналарын ұстау және басқа шоттардың бухгалтерлік есеп шоттарының жай-күйін тексереді (ПЧ-62 Алтынкөл)
- Алтынкөл ПЧ-62 бойынша еңбекақы мен әлеуметтік төлемдерге өтініштерді уақтылы, сапалы, сенімді дайындау және беру
- SAPERP-те қызметкерлерге жалақыны есептеу, сондай-ақ атқару парақтары және қызметкерлердің өтініштері бойынша ұстап қалулар жүргізу; жалақы туралы анықтамаларды, ұстап қалу мен есептеудің барлық түрлерін ұсыну; қызметкерлердің жеке карточкаларын жүргізу;
- қызметкерлерге атқару парақтары бойынша хат алмасу және сот орындаушыларына есеп беру; ұйымдастыру-кадр жұмысы және экономика бөлімімен бірлесіп, пайдаланылмаған демалыстар бойынша актуарлық есептерді және резервтерді қалыптастыруға қатысады;
- 124199, 125002, 125006, 125010, 334199, 293001 - 293014, 241014, 241020, 3350902, ПК 3350902 бухгалтерлік есеп шоттары бойынша есептеулерді салыстыруды жүзеге асыру; КҚ-62 бойынша атқару құжаттары бойынша ұсталған алименттерді және басқа да ұстап қалуларды уақтылы аудару үшін құжаттарды ұсыну;
Біліктілік талаптары:
- білімі: жоғары;
- мамандығы: Есеп және аудит, Қаржы, Экономика, Статистика;
- еңбек өтілі: өтіліне талап қойылмайды.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр