Төмен көміртекті даму департаментінің энергия тиімділігі және жаңартылатын энергия көздері басқармасының жаңартылатын энергия көздері және баламалы энергетика секторының жетекші маманы (аутстаффинг)
«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
- Құрылған күні:
- 10.12.2024
- Берілген өтінім:
- 35
- Қаралған саны:
- 567
Талаптар:
Білім:
- Жоғары (энергетика саласындағы техникалық).
Кәсіби саладағы немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс тәжірибесі:
- Кемінде 4 жыл қызмет бейіні бойынша
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер:
- Қазақстан Республикасының табиғат қорғау, мұнай-газ, энергетика заңнамасы, "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының заңы саласында;
- баламалы энергетика саласындағы халықаралық актілер мен конвенциялар, стандарттар, үздік әлемдік практикалар;
- ЖЭК және/немесе баламалы энергетика саласындағы жобаларды іске асыру бойынша;
- энергиямен жабдықтау жүйелерін әзірлеу және жаңғырту тәжірибесі;
- техникалық құжаттамамен жұмыс істеу тәжірибесі;
- Ақпараттық саясат, деректерді автоматтандырылған жинау, жүргізу, іздеу, талдау, жүйелеу, өңдеу және сақтаудың ақпараттық жүйелері саласында;
- Компанияның жобаларында ЖЭК және баламалы энергетиканы пайдалану әлеуетіне жалпы экономикалық және техникалық бағалау жүргізу;
- Сапа менеджментінің, қоршаған ортаны қорғаудың, денсаулықты қорғаудың және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің, орнықты дамудың, ақпараттық қауіпсіздіктің интеграцияланған жүйесі саласында;
- ҚМГ тәуекелдерін басқару жүйесінің және ішкі бақылау жүйесінің негіздері саласында;
- Өрт және экологиялық қауіпсіздік саласында.
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
- Word, Excel, Lotus, Power Point және т. б. бағдарламаларда жұмыс істеу дағдылары, заманауи технологияларды, коммуникация құралдарын пайдалану;
- Баламалы энергиямен қамтамасыз ету жүйесін жобалау дағдылары;
- Жобалау менеджменті саласында, міндеттерді жоспарлау және басымдылығын айқындау қабілеті;
- Командада жұмыс істей білу, байланысқа бейімділік, ашықтық, адалдық, тапсырмаларды орындаудың жеделдігі, орындалатын жұмыстың сапасын жақсартуға ұмтылу;
- Қарым-қатынастық дағдылар, ұйымдастырушылық қабілеттер, тиімді таныстыру дағдылары;
- Компания қызметінің әртүрлі салаларына қатысты ақпаратты жүйелеу, талдау, жинақтау және баяндау;
- Мемлекеттік тілді білуі.
Осы лауазымдағы функционалдық міндеттер:
- Техникалық қайта жарақтандырудың, энергия шаруашылығын дамытудың, энергиямен жабдықтау жүйелерін реконструкциялаудың және жаңғыртудың қажетті негіздемелерін дайындауға қатысады;
- ЖЭК және баламалы энергетика объектілерін салу және пайдалану, баламалы энергетиканы тұтыну жөніндегі перспективалық және ағымдағы жоспарларды әзірлеуге қатысады;
- Баламалы энергия көздерін ауқымды электр желілеріне біріктіру жүйелерін әзірлеуге жауап береді;
- Компанияның жобаларында ЖЭК және баламалы энергетиканы пайдалану әлеуетіне техникалық бағалау жүргізуге жауапты болады;
- Баламалы энергетика саласындағы жобаларды іске асыруды үйлестіруді және ұйымдастырушылық-әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асырады;
- ЖЭК-тен электр энергиясын өндіру мен тұтынудың сенімділік көрсеткіштерін жақсарту бойынша мүмкіндіктерді іздеуге жауапты болады;
- Баламалы энергия көздерін пайдалану кезінде ЕТҰ-ға сараптамалық қолдау көрсетеді;
- Жаңартылатын немесе баламалы энергия өндіретін энергетикалық қондырғыларды сынауға және қабылдауға қатысады;
- Баламалы энергетика саласындағы заңнамалық, нормативтік құқықтық актілерді, ұлттық стандарттарды жетілдіру, серіктестерді Компанияның жобаларына тарту мәселелері бойынша мүдделі тараптармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
- Бекітілген нысандар мен көрсеткіштер бойынша есептілікті дайындайды және оны мүдделі тараптарға ұсынады.
- Іске асырылуы тәуекелдің басталуына әкеп соғуы мүмкін тәуекел-факторларды басқарады. Алдына қойылған мақсаттарға қол жеткізуге әсер ететін тәуекелдерді уақтылы анықтайды, талдайды және бағалайды; тәуекелдерді/тәуекел факторларын төмендету жөніндегі іс-шараларды уақтылы әзірлеуді және орындауды қамтамасыз етеді; жауапты бөлімшені (СУРиВК), өзінің тікелей басшысын ықтимал залалдарға әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкін кез келген қателер/ кемшіліктер туралы, ықтимал және іске асырылған тәуекел оқиғалары туралы ішкі құжаттарда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде уақтылы хабардар етеді.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
Ұқсас вакансиялар
Екібастұз қ., "KEGOC" АҚ "Солтүстік ЖЭТ" филиалының Еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік қызметінің жетекші инженері
«KEGOC» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Екібастұз қ.
26.12.2024 | 113
391600 - 391600 KZT
жоспарлау, жөндеу және капиталды құрылыс бақылау басқармасының бастығы
"ЕКІБАСТҰЗ ГРЭС-2 СТАНЦИЯСЫ" АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Екібастұз қ.
26.12.2024 | 137
Корпоративтік басқару, тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және МИЖ жөніндегі бөлімнің тәуекелдерді басқару жөніндегі I санаттағы менеджер. Уақытша болмаған жұмыскерді ауыстыру уақытына
«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | Қызметкер болмаған кезде
| Екібастұз қ.
26.12.2024 | 45
255283 - 306340 KZT