Жобасының бас менеджері (Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт)
«Samruk-Kazyna Construction» АҚ Астана қ.Міндеттері:
- Негізгі жоспар мен жобаның паспортының әзірлеуіне қатысу;
- Жоба командасының кестесін келісу;
- Презентация дайындау;
- Prince 2/Axelos - PjM3 стандартына негізделген Р3М3-те бағалау моделін анықтау;
- Сұрақнамалар №1, №2, №3 әзірлеу, респонденттердің профилін анықтау, қатысушыларға электрондық пошта арқылы жіберу, жобалық қызметке қатыспайтын респонденттерді анықтау;
Талаптар:
- Жоғары (заң, экономика, менеджмент) білім;
- IPMA сертификаты кемінде Level B;
- Жобалық басқарудың жетілу деңгейін бағалау сертификаты;
- Мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі: кемінде 7 (жеті) жыл;
- Халықаралық стандарттарға (мысалы, PMI, IPMA, PRINCE2) негізделген жобалық басқаруды енгізу тәжірибесі: кемінде 5 (бес) жыл;
- Халықаралық стандарттар бойынша (мысалы, PMI, IPMA, PRINCE2) сертификаттауға дайындық және оқыту тәжірибесі: кемінде 3 (үш) жыл;
- Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу, лауазымның мамандануына сәйкес қатынастарды реттейтін, сондай-ақ лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
- Мемлекеттік, орыс, ағылшын тілдерін білу.
-
Жоба менеджері келесі қабілеттер мен дағдыларға ие болуы тиіс:
1) Халықаралық стандарттарға (мысалы, PMBOK, PMI, IPMA, PRINCE2) негізделген жобалық басқаруды енгізу бойынша теориялық және практикалық білім мен дағдылар;
2) Сапа стандарттарын білу және оларды жобаның барлық кезеңдерінің жоғары деңгейде орындалуын қамтамасыз ету үшін қолдану;
3) Жобаның барлық кезеңінде тәуекелдерді анықтау, талдау және басқару қабілеті;
4) Ұйымның процестеріне жаңа құралдар мен тәсілдерді интеграциялау қабілеті;
5) Жобаларды жоспарлау және мониторингтеу үшін заманауи бағдарламалық құралдармен жұмыс дағдылары;
6) Іскерлік келіссөздер жүргізу дағдылары;
7) Коммуникациялық және презентациялық дағдылар;
8) Сыртқы ортадағы және жобадағы ішкі өзгерістерге тез бейімделу қабілеті;
9) Жоба мүдделі тараптарымен тиімді коммуникация орнату қабілеті. - жауапкершілік, орындаушылық, тәртіптілік, тәуелсіз және командада жұмыс істей білу қабілеті.
Шарттар:
- Жұмыс орнының нақты мекен-жайы (қызметкер қайда жұмыс істейді): Астана қаласы, Нұра ауданы, Сығанақ көшесі, 17/10 ғимараты (қашықтан жұмыс);
- Икемді жұмыс кестесі;
- Сапарлардың болмауы;
- Көп тапсырмалы режимде жұмыс істеу.