HR әкімшілігі басқармасының менеджері (декреттік орын)
«Қазпошта» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- 1) жұмысқа қабылдау, ауыстыру/орналастыру, қабылдау/ауыстыру және орналастыру бойынша консультация өтінімін келісу;
2) жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шығару, еңбек келісімшарты, толық материалдық жауапкершілік туралы келісімшарт, жаңа қызметкердің деректерін SAP HCM жүйесіне енгізу;
3) ауыстыру/орналастыру туралы бұйрық шығару және еңбек келісімшартын қосымша келісіммен толықтыру, қызметкердің ауыстыру/орналастыру деректерін SAP HCM жүйесіне енгізу;
4) қызметкермен еңбек келісімшартын бұзу туралы өтінімді келісу, еңбек келісімшартын бұзу бойынша консультациялар;
5) қызметкердің деректерін SAP HCM жүйесінде жабу, еңбек келісімшартын бұзу туралы бұйрық рәсімдеу;
6) түскен өтінім негізінде тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрық шығару, деректерді SAP HCM жүйесіне енгізу;
7) түскен өтінім негізінде тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастау туралы бұйрық шығару, деректерді SAP HCM жүйесіне енгізу;
8) қызмет көрсету аймақтарын біріктіру/орнына қою/кеңейту туралы бұйрық шығару, деректерді SAP HCM жүйесіне енгізу;
9) құзырет шегінде «Қазпошта» АҚ-ның қарамағындағы филиалдары бойынша қызметкерлерге сұрау дайындау және жіберу;
10) сұрау бойынша «Қазпошта» АҚ қызметкерлерінің қатысуы мен болмауы туралы мәліметтерді қалыптастыру;
11) демалыстарды басқару (демалыс графиктерін келісу, қарамағындағы филиалдардан бекітілген демалыс графиктерін жинау, барлық түрдегі демалыс өтінімдерін келісу және деректерді SAP HCM жүйесіне енгізу, демалысқа шығу туралы бұйрық шығару, бұйрықтармен танысуды бақылау);
12) демалыс резервтерін қалыптастыруды бақылау;
13) командировкаларды/болмауларды басқару, соның ішінде уақытша еңбекке жарамсыздық, шақыру және әскери жиындар/болмау себептері (командировка, шақыру және әскери жиындар, басқа болмаулар бойынша өтінімдерді келісу және бұйрықтар шығару);
14) қосымша жұмыс/демалыс/мереке күндеріндегі жұмыстарды басқару (қосымша жұмыстар, демалыс және мереке күндеріндегі жұмыстар бойынша бұйрықтар шығару);
15) анықталмаған себептер бойынша болмаулар деректерін SAP HCM жүйесіне енгізу;
16) құзырет шегінде қарамағындағы филиалдар бойынша қызметкердің сұрауына жауап рәсімдеу;
17) зейнеткерлік жасқа жеткен қызметкерлер туралы қарамағындағы филиалдарға мәліметтер беру;
18) түскен өтінімдер бойынша жеке деректер өзгерген жағдайда SAP HCM жүйесіне деректерді енгізу;
19) күнделікті түскен кадрлық өтінімдерді орындау;
20) түскен өтінімдердің орындалуын апталық мониторинг;
21) түскен өтінімдер бойынша қызметкерді жұмыстан шеттету/қалпына келтіру туралы бұйрық шығару;
22) Басқарманың құзыреті шегінде кадрлық әкімшілендіру мәселелері бойынша консультация;
23) Басқарманың басшылығының басқа тапсырмалары.
Талаптар:
- Жоғары және/немесе орта арнаулы білім, және/немесе техникалық және кәсіптік білім.
HR сертификаты және/немесе «Самұрық-Қазына» Корпоративтік университетінің «HR Академиясы» сертификаты болуы артықшылық. - Жұмыс тәжірибесіне талаптар қойылмайды
Шарттар:
-
Бес күндік жұмыс аптасы, дүйсенбіден жұмаға дейін, 09:00-ден 18:00-ге дейін 8 сағаттық жұмыс күні, 13:00-ден 14:00-ге дейін түскі үзіліс
Ұқсас вакансиялар
Адам ресурстарын басқару департаментінің әлеуметтік саясат және ішкі коммуникациялар басқармасының маманы (аутстаффинг)
«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
26.12.2024 | 564
Адам ресурстарын басқару департаментінің адам ресурстарын басқару еңбек қатынастары секторының жетекші маманы (аутстаффинг)
«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
26.12.2024 | 573