"Қазтеміртранс"АҚ Қостанай филиалы Құсмұрын станциясының вагон паркі бөлімінің жетекші инженер-технологы
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Вагондарды жоспарлы жөндеу түрінен қою және шығару кезінде тексеру жүргізеді
- жоюдың себептерін көрсете отырып, тозған бөлшектердің орнына жаңа тораптар мен бөлшектерді орнатуға актілер жасайды
- вагоннан алынып тасталған жоспарлы жөндеуді күтіп тұрған және ағымдағы жөндеудегі вагонға орнатылған қосалқы бөлшектердің есебін жүргізеді.
- сынықтарға жарамсыз тораптар мен бөлшектерді ресімдеуді жүргізеді
- жөндеу процесінде пайда болған қоғамның вагондарының жөндеуге жарамсыз қосалқы бөлшектерінің, тораптары мен бөлшектерінің (сынуы) саны (салмағы) бойынша есепке алуды жүргізеді
- барлық қосалқы бөлшектерді, тораптарды және бөлшектерді ауыстырудың негізділігін бақылайды
- ВЖК жұмыскерлердің әрбір вагонға материалдардың және қосалқы бөлшектердің нақты шығыны туралы ВУ-22 нысанының ақаулы ведомосына нақты толық жазуды жасауын бақылайды
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары
- Мамандығы: Көлік, көліктік техника және технологиялар;Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі).
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман