Лауазымдық жауапкершілік:
Автокөлік жөндеу слесары төмендегілерді білуі керек:• ақауларды анықтау арқылы, көлік құралдарын диагностикалау және жоспарлы тексеру жүргізу;• бөлшектеу және жуғаннан кейін бөлшектердің ақауларын анықтау, қажет болған жағдайда, бөлшектерді слесарлық өңдеу, көлік құралдары жинақтары мен бөлшектерін статикалық теңдестіруді жүзеге асыру.техникалық сипаттамасына сай және жұмысты ұйымдастыруға арналған басқа да нұсқаулықтарға сәйкес автокөлік құралдарының бөлшектері мен механизмдерін бөлшектеу, жөндеу және құрастыру;• ресімделген рұқсат тапсырысқа сәйкес қосалқы бөлшектерді, агрегаттарды және жабдықтарды орнату, реттеу және ауыстыру жұмыстарын жасау;• алаңның (ауысымның) механигімен келісу бойынша диагностикалау кезінде анықталған ақаулар мен бұзылуларды жою;• жұмыстарды жүргізу сапасын қамтамасыз ету, баптау тәсілдері мен әдістеріне қажетті түзетулер енгізу; • жұмыс орны мен жабдықты таза ұстау, арнайы киімдерді және қажетті қорғаныс құралдарын, құрылғылар мен қоршауларды қолдана отырып жұмыс істеуге;• жабдықтарды жөндеу мен қалпына келтірудің озық әдістерін, жабдықтардың қызмет ету мерзімін арттыру, жұмыстың тоқтап қалу уақытын азайту, жазатайым оқиғалар мен өндірістік жарақаттардың алдын алу шараларын жүзеге асыру жұмыстарына қатысу.Білім:
Орта - арнайы / орта - техникалық / дайындық курстарыДағдылар:
• бөлшектерді, жинақтарды, агрегаттар мен құрылғыларды бөлшектеу, ақаулықтарды анықтау және жөндеу ережелері, қауіпсіздік ережелері; жөнделетін жабдықтардың жұмыс істеу принциптері, тозған бөлшектерді қалпына келтіру әдістері; жөндеуден кейін компоненттерді, механизмдер мен жабдықтарды сынауға, ретке келтіруге және қабылдауға техникалық шарттар; төзімділік, сәйкестік жәненақтылық сыныптары; бақылау өлшеу құралдары және арнайы құрылғылар мен аспаптарды қолдану әдістері.• өрт сөндіру құралдарының орналасқан жерін және оларды қолдана білу• жұмыстың барысында қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі, өндірістік санитария бойынша нұсқаулықтарды білу және орындауҚосымша:
.Білетін тілдер:
Қазақ және орыс тілінде еркін сөйлеу