Бос жұмыс орны
«KEGOC» АҚ «Алматы жүйеаралық электр тораптары» филиалы Қызметкерлермен жұмыс жөніндегі бөлімінің маманы
- Лауазымдық (функционалдық) міндеттері:
1) ҚЖБ қызметкерлерінің, Филиал басшылығының, қауіпсіздік жөніндегі жетекші маманның және АҚ және ТЖ, жұмылдыру және арнайы жұмыс жөніндегі жетекші маманның жұмыс уақытын есепке алу табелін жасайды;
2) ҚЖБ-да іс жүргізу жүйесін ұйымдастырады және бақылайды;
3) құжаттарды дайындайды және архивке сақтауға тапсырады;
4) Филиал қызметкерлерінің шетелге іссапар куәліктерін тіркейді, сондай-ақ олардың деректерін SAP жүйесіне енгізеді;
5) Филиал қызметкерлерінің еңбекке уақытша жарамсыздық парақтарын тексеру және тіркеу, сондай-ақ ҚЖБ қызметкерлерінің, Филиал басшылығының, қауіпсіздік жөніндегі жетекші маманның және АҚ және ТЖ, жұмылдыру және арнайы жұмыс жөніндегі жетекші маманның деректерін SAP-қа енгізуді жүргізеді;
6) жұмыстан босатылған қызметкерлердің кету парақтары мен табельдерін бухгалтерияға беруге жинайды;
7) SAP жүйесіне Филиал қызметкерлерінің деректерін (лауазымдық жалақы/тарифтік ставка) енгізеді;
8) басқа мекемелерге ұсыну үшін қызметкердің еңбек қызметі туралы анықтамалар береді;
9) қызметкерлерге жұмыс орнынан сұрау салу орны бойынша көрсету үшін анықтамалар береді;
10) тәлімгерлік процесін ұйымдастырушылық және құжаттамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады (қабылдау/ауыстыру кезінде жаңадан қабылданған қызметкерлерге тәлімгерлік ету бойынша құжаттаманы ресімдейді; тәлімгерлік бойынша аттестаттауды жүргізеді, хаттамаларды ресімдейді, қызметкерлерді таныстырады; Тағылымдамадан өтушілердің кәсіби дамуын бағалау жөнінде дербес құрылымдық бөлімшелердің басшыларына ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетеді; тәлімгерлік туралы ақпаратты жинау, жүйелеу және талдау және Филиал қызметкерлерінің тәлімгерлігі бойынша қажетті есептілікті дайындау; Тәлімгерлерді материалдық көтермелеу үшін шығыстарды калькуляциялау; «Үздік тәлімгер» конкурсына материалдарды ресімдейді);
11) студенттердің өндірістік практикадан өтуі жөніндегі құжаттаманы дайындайды, өкімдер шығарады, Филиалдың практиканттары туралы тоқсандық, жартыжылдық және жылдық есептерді жасайды;
12) Филиал қызметкерлерін көтермелеу және сіңірген еңбегін тану бойынша материалдарды дайындайды және есеп жүргізеді;
13) зейнеткерлік жасқа толған қызметкерлерге зейнетақы тағайындау үшін қажетті құжаттарды береді, еңбек өтілін растау туралы сұрау салуларды ресімдейді;
14) Филиал қызметкерлерінің демалыс кестесін қалыптастырады (КБАЖ);
15) демалыстардың барлық түрлерін, ЕК сәйкес демалыстарды (әлеуметтік демалыстар, ЕК, Ұжымдық шарт бойынша) ресімдейді;
16) Ұжымдық шартқа және ІНҚ-ға сәйкес құзыреті бойынша Филиал қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету жөнінде ұйымдастырушылық және құжаттамалық қамтамасыз етуді, консультация беруді, бұйрық шығаруды (Медициналық сақтандыру жөніндегі бағдарлама, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға жәрдемдесу, жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасы, қызметкерлердің тұрғын үйді жалға алу ақысын ішінара өтеу, материалдық көмек: бала тууына/асырап алуына байланысты; қызметкердің қайтыс болуына байланысты; қызметкердің отбасы мүшелерінің қайтыс болуына байланысты; «KEGOC» АҚ-да есепте тұрған зейнеткердің қайтыс болуына байланысты) жүзеге асырады;
17) жетекшілік ететін қаржылық позициялар бойынша бюджетті қалыптастырады;
18) демалыс күндерінде жұмысқа шығу туралы бұйрықтар шығарады;
19) Филиал қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолдану мәселелерін қарастыру бойынша жұмыстар жүргізеді (бұйрық шығару, бұйрықпен танысу, SAP HCM-ге деректерді енгізу, тәртіптік жазаларды есепке алуды енгізу);
20) жетекшілік ететін қаржылық позициялар бойынша белгіленген есептілікті (тоқсандық, жартыжылдық, жылдық) жасайды және жүргізеді.
21) құрылымдық бөлімшелермен хат алмасу, құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қызметтік жазбаларды дайындау және «Meta Doc» жүйесі арқылы келіп түскен бақылау құжаттарын орындау;
22) ҚЖБ бастығының қызметтік тапсырмаларын орындайды;
23) Филиал басшылығының қосымша тапсырмаларын орындайды.
Талаптар:
|
Білім деңгейі
|
Жоғары
|
|
Диплом бойынша мамандығы (бағыты)
|
Бизнес және басқару, Әлеуметтік ғылымдар, Құқық
|
|
Жұмыс тәжірибесі
лауазым бағыты бойынша
|
-
|
|
Лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жыл
|
Жұмыс өтіліне талап қойылмайды
|
|
Басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жыл
|
-
|
|
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар
|
• Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын және еңбек қызметін реттеу қағидаттарын практикалық білу;
• Ұйымдық құрылымда ауқымды өзгерістерді жоспарлау және енгізу тәжірибесі;
• Ұйымдастырушылық өзгерістерді басқарудағы білім және дағдылар;
• Нормативтік құқықтық және өзге де құжаттардың талаптарын енгізу дағдылары;
• Жұмыс процесін жоспарлау және оңтайлы ұйымдастыру;
• Уақытты тиімді басқару;
• Корпоративтік құндылықтар мен сенімдерді үнемі ұстануға ұмтылу;
• Кәсібилік (адалдық, объективтілік және кәсіби этиканың басқа да қағидаттарын қатаң сақтау).
• Тез үйрену қабілеті;
• Ақпараттың үлкен көлемдерімен жұмыс істеу;
• Іскерлік хат алмасу дағдылары.
• Командада жұмыс істей білу дағдылары – ынтымақтастыққа ашықтық, көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдылары, түрлі көзқарастар арасында бәтуаға келу және белсенді түрде сындарлы диалог жүргізу;
• Кәсібилік (адалдық, әділдік және кәсіби этика қағидаттарын қатаң сақтау).
|
|
Лицензиялар, сертификаттар
|
Қызметтің жетекшілік ететін мәселелері саласындағы сертификаттардың болғаны жөн;
|
|
Қосымша талаптар
|
· MS office тәжірибелі пайдаланушысы;
Қазақ, орыс, ағылшын (мүмкіндігінше) тілдерін білу.
|
Еңбек жағдайлары:
- Біліктілікті арттыру жұмыс берушінің есебінен;
- Жұмыс кестесі: 5/2, 8:00-ден 17:00-ге дейін;
- Еңбек демалысы 30 к.к.
- Әлеуметтік пакет: тоқсан сайынғы және жылдық сыйлықақы, оқу демалысына ақы төлеу, еңбек демалысына материалдық көмек;
Жұмыс орны: Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Шевченко көшесі 162/7
Бос қызмет орны тұрақты болып табылады.
Түйіндемені қабылдау 2025 жылғы 6 наурызға дейін (қоса алғанда) жүзеге асырылады.