Активтерді сату және тәуекелдерді басқару департаментінің жетекші менеджері

«Самрук-Казына Контракт» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
40

Қаралған саны:
1074

   Конкурс туралы

Білім:

Міндетті:

- Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау, экономика, бизнес-менеджмент, құқықтану немесе қаржы бойынша жоғары білім. Магистр дәрежесі немесе басқару (менеджмент), тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау, жобаларды басқару саласында қосымша білім алу артықшылық болып табылады. PRM, FRM, CFA, CIMA, PMP, IPMA сертификаттарының болуы артықшылық;

- қаржылық талдау, тәуекелдерді басқару (ISO31000, PECB) бойынша сертификаттардың болуы міндетті;

- Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын білу, соның ішінде «Акционерлік қоғамдар туралы», «Шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» және жауапкершілік аймақтары мен атқарылатын функциялар шеңберінде қолданылатын басқа да актілер;

- «Самрук-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры акционерлік қоғамының активтерін бәсекелестік ортаға беру ережелерін білу; «Самрук-Қазына» акционерлік қоғамына тікелей немесе жанама түрде тиесілі дауыс беруші акциялардың (үлестің) елу пайыздан астамы бар ұйымдардың активтерін бәсекелестік ортаға шығару бойынша корпоративтік стандарт; «Самрук-Қазына» акционерлік қоғамының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау саясаты; сондай-ақ «Самрук-Казына Контракт» ЖШС-нің Жарғысы мен ішкі нормативтік құжаттары;

- ағылшын тілін pre-intermediate деңгейінде білу;

Тәжірибе:

- кәсіби салада кемінде 7 (жеті) жыл жұмыс тәжірибесі, соның ішінде «Самрук-Қазына» тобына кіретін ұйымдарда кемінде 5 (бес) жыл;

- квазимемлекеттік секторда/мемлекеттік органдарда жұмыс тәжірибесінің болуы артықшылық.

Кілтті дағдылар:

- көп тапсырмалы жұмысқа стресс төзімділік;

- адамдармен тез байланыс орнату, қарым-қатынас жасау қабілеті;

- нәтижеге бағдарлану;

- сауатты ауызша және жазбаша сөйлеу;

- қажетті ақпаратты тез табу қабілеті;

- адалдық.
Міндеттері:
1. Активтердің алдын ала сатуға дайындығын мониторингтеу;
2. Фонд активтері бойынша бәсекелестік ортаға беру үшін деректерді/ақпаратты мониторингтеу және талдау;
3. «Реализацияланған және жүзеге асырылатын активтердің автоматтандырылған базасы» ақпараттық жүйесін толтыру;
4. Сатып алушылармен сатып алу-сату шарттарының ерекше және кейінге қалдырылған шарттарын орындауды мониторингтеу және тәуекелдерді талдау;
5. Фонд ұйымдарымен, мемлекеттік органдармен және басқа да сыртқы ұйымдармен хат алмасу;
6. Фондпен шарттық міндеттемелердің орындалуы бойынша есептілік ұсыну;