«KEGOC» АҚ «Оңтүстік ЖЭ» филиалының бухгалтериясының 1 санатты бухгалтері, Шымкент қ.
Білім деңгейі: жоғары/ жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Білім профилі: қаржылық және / немесе экономикалық және / немесе есеп және аудит / немесе «Бизнес және басқару» бағыты.
Кәсіби тәжірибесі: қаржы-бухгалтерлік салада.
Жұмыс тәжірибесі: қаржы-бухгалтерлік саладағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде бухгалтер лауазымында кемінде 2 жыл.
Кәсіби сертификаттардың/ сертификациялардың болуы: ҚР Кәсіби бухгалтері сертификаты, ДипИФР (орыс) - құпталады.
Білуі керек: 1.Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес бухгалтерлік есеп, заңды тұлғалардың салықтық есебі саласында теориялық және практикалық білімі болуы.
ДК-мен жұмыс істеудің қажетті дағдылары / арнайы бағдарламаларды білу: ДК пайдаланушысы Word, Excel, ЭСФ, КН КГ, ИСУ SAP.
Негізгі лауазымдық міндеттері:
1) жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізушілермен есеп айырысу бойынша бухгалтерлік есепті ұйымдастырады;
2) жеткізушілермен есеп айырысуды жүзеге асыру үшін басқа құрылымдық бөлімшелерден қажетті құжаттарды уақтылы қабылдайды, олардың бар-жоғын тексереді және олардың шарттарға және ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкестігін тексереді;
3) жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге және ТМҚ сатып алуға арналған шаруашылық қызмет шарттарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
4) ай сайын «Дебиторлық және кредиторлық берешек тізімдемесі» есебін қалыптастырады, оған талдау жүргізеді;
5) есепті жыл үшін «Дебиторлық және кредиторлық берешек бойынша» түгендеу нәтижелерін есепке алуға жауапты;
6) ҚҚС және КТС үшін осы учаске бойынша салық тіркелімдерінің дұрыс жасалуына жауапты;
7) ТМҚ, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер жеткізушілермен өзара есеп айырысуларды салыстыру актілерін жасайды және шарттардың бастамашыларына тоқсан сайын тапсырады;
8) филиалдың мүлкін түгендеуге қатысады;
9) бас бухгалтердің тапсырмасы бойынша бухгалтерлік есеп пен есептілікке қатысты басқа да жұмыстарды орындайды;
10) өзінің есепке алу учаскесіне жататын бухгалтерлік құжаттардың сақталуын және олардың мұрағатқа уақтылы тапсырылуын қамтамасыз етеді;
11) өзінің жұмыс орнын ұқыппен ұстайды. Жұмыс барысында ақауы бар есептеу техникасын пайдаланбайды, компьютерде жұмыс істеу кезінде электр сымдарының жағдайын бақылайды, жұмыс күнінің соңында электр құрылғылары мен электр жабдықтарын өшіреді.
Жұмыс орны: «KEGOC» АҚ «Оңтүстік жүйеаралық электр тораптары» филиалының әкімшілік ғимараты Шымкент қаласы, Бауыржан Момышұлы даңғылы, 27 мекен-жайында орналасқан.
Түйіндемелерді қабылдау мерзімі 2025 жылғы 09 сәуірді қоса алғанға дейін.
Қажетті қабілеттер
- Бухгалтерия и Финансы
- MS Office, Информационные системы SAP, Documentolog, LYNC, ИСЭЗ 2.0, 1С Бухгалтерия и другие
- * Знание принципов и методов бухгалтерского учета;
- - Организация бухгалтерского учета и финансово-хозяйственной деятельности;
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Озат)
- Орыс тілі (Озат)
Ұқсас вакансиялар