Қарыз алу және инвесторлармен жұмыс департаментінің бас менеджері (19 грейд)

Жалақы көрсетілмеген
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
32

Қаралған саны:
927

   Конкурс туралы
Лауазымдық міндеттері:
  •  шарттарды келісумен және кредиторлармен мандаттық хаттарға қол қоюмен айналысады (mandate letter);
  • негізгі шарттарды келісу және жақсарту бойынша жұмысты жүзеге асырады (term sheet); жобалар бойынша Жол картасын әзірлейді;
  • "ҚТЖ "ҰК" АҚ кредиттік комитетіне, басқармасына, Директорлар кеңесіне және "Самұрық-Қазына"АҚ инвестициялық-стратегиялық комитетіне (талап-арыз) материалдарды дайындау және жолдау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
  • компания мен кредиторлар арасында кредиттік келісімдер жасасу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, сондай-ақ алдын ала талаптарды (CP)орындау шеңберінде қажетті құжаттарды уақтылы жіберу жөніндегі жұмысты бақылайды;
  • процестік агенттерді тарту жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; банктермен эскроу-шот ашу жөніндегі келісімнің талаптарын келісу бойынша жұмыс жүргізеді;
  • компанияның облигацияларына зәкірлік инвесторларды тарту жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, сондай-ақ облигациялық шығарылымдардың шарттарын түзету жөніндегі жұмысты жүргізеді;
  • облигациялық бағдарлама проспектісін инвесторлармен және Компанияның құрылымдық бөлімшелерімен келісу бойынша жұмыс жүргізеді;
  • компанияның облигацияларына инвестициялау мәселесі бойынша экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның қарауына материалдарды дайындайды, келіседі және жолдайды;
  • ҚР Ұлттық қорын басқару жөніндегі Кеңестің қарауына мәселені шығару бөлігінде мемлекеттік органдармен мәселелерді пысықтайды; тиісті жылға Компания облигацияларының купондық сыйақы мөлшерлемесі бойынша субсидияларды республикалық бюджетке енгізу бөлігінде мемлекеттік органдармен жұмыс жүргізеді;
  • компания облигациясының листингі үшін күнді резервтеу үшін биржаға өтінімдерді уақтылы жасау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
  • ARRFR, KASE және AIX-пен облигациялар шығару проспектісін келісу және тіркеу бойынша жұмысты ұйымдастырады;
  • қарыз тарту шеңберінде қаржы институттарының өкілдерімен қосымша due diligence өткізеді; әлеуетті консультанттарға ұсыныстарға сұрау салуды (request for proposal) жасайды және жібереді; 
  • консультациялық қызметтерді жеткізушілердің талаптарын талдайды және салыстырады; консультациялық қызметтер көрсету бойынша Қордың сатып алу тәртібіне сәйкес шарттар жасасу жөніндегі жұмысты, оның ішінде сатып алу жоспарына тиісті кезеңге енгізуді ұйымдастырады;
  • шарттарды келіседі және консультациялық қызметтерді сатып алу туралы шартқа қол қоюды жүзеге асырады;
  • рейтингтік агенттікпен келісім жасасу бойынша жұмыс жүргізеді;
  • қажетті құжаттарға уақтылы қол қою жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, сондай-ақ Шарт талаптарын орындау шеңберінде рейтингтік агенттіктердің өкілдерімен жыл сайынғы кездесулерді ұйымдастырады;
  • өтімділік туралы есептің дұрыстығын тексереді (liquidity report);
  • "Самұрық-Қазына" АҚ-ға кредиттік шарттар бөлінісінде ҚР Ұлттық қорының қаражатын игеру және мақсатты пайдалану туралы есеп береді; "ҚТЖ "ҰК" АҚ-ның қарыздар мен облигациялар бөлігінде 5 жылдық кезеңге арналған даму жоспарын әзірлеуге қатысады;
  • кепілдік шартының жобасын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізеді;
  • "ҚТЖ "ҰК" АҚ-ның үшінші тараптар алдындағы МДҰ міндеттемелерін орындағаны үшін кепілдік беру бойынша жұмыс жүргізеді;
  • менеджменттің инвесторлармен және банктермен кездесулерін ұйымдастырады; инвесторлар мен рейтингтік агенттіктер үшін компанияның қызметі туралы есеп дайындайды;
  • қарыз алу арқылы инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қаржыландыруды тарту бөлігінде қолжетімді қаржыландыру көздерін іздеу бойынша Даму қаржы институттарымен (Дүниежүзілік банк, ЕАДБ, АДБ, АИБ) және экспорттық-кредиттік ұйымдармен жұмыс жүргізеді; әлеуетті инвесторлармен due diligence жүргізеді; road show өткізу үшін материалдар дайындайды; - қаржылық және қаржылық емес жобалардың Тізілімін жасау бойынша бақылау жүргізеді сондай-ақ вейверлерді алу бойынша жұмыс жүргізеді;
  • қарыз алу және кепілдік беру мәселелері бойынша жергілікті актілерді өзектендіру бойынша жұмысты ұйымдастырады және бақылайды. 
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: тиісті қызмет бейіні бойынша жоғары кәсіби.
  • Тиісті лауазым бейіні бойынша магистр дәрежесінің немесе кандидаттың, ғылым докторының ғылыми дәрежесінің болуы / МВА / басқа (жақсырақ).
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 5 жыл жұмыс, оның ішінде стратегияны/саясатты әзірлеу/іске асыру және/немесе қызмет бейіні бойынша басқару жүйелерін құру процесіне қатысу тәжірибесі.

Қажетті қабілеттер

  • Финансовый анализ
  • 9) Финансовый менеджмент,
  • экономика и финансы
  • Учет и аудит, Экономика

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Озат)
  • Қазақ тілі (Озат)
  • Орыс тілі (Озат)