Кредиттеу бөлімінің маманы
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Астана қ.- Құрылған күні:
-
11.04.2025
- Берілген өтінім:
- 9
- Қаралған саны:
- 361
Негізгі лауазымдық міндеттер:
Кредиттеу бөлімінің тиімді жұмысын ұйымдастыру;
- қоғаммен бекітілген жоспарлар мен индикативтердің уақтылы орындалуын қамтамасыз ету, филиал/қоғамның уәкілетті органдарының шешімдерін орындау;
- кредиттік өтінімдерді, өтініштерді және басқа да құжаттарды уақтылы және сапалы қарау, қоғаммен белгіленген қаржыландыру лимиттері шеңберінде несиелерді беру мүмкіндігі туралы шешімдер қабылдау;
- кредиттеу бөлімінің/секторының жұмысын талдау және қажет болған жағдайда, оның жетілдірілуі бойынша ұсыныстар дайындау және ұсыну;
- қоғамның филиалында сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесінің талаптарын орындауды қамтамасыз ету және филиал қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы шаралар қабылдау;
- қоғамның мүдделерін жергілікті атқарушы органдарда, құқық қорғау органдарында, соттарда және басқа ұйымдарда өкілдік ету;
- кредиттеу бөлімінің/секторының қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының заңнамасы мен қоғамның ішкі нормативтік құжаттарының талаптарын сақтауына жауапкершілік көтеру;
- кредиттеу бөлімінің/секторының қызметкерлері тарапынан жүзеге асырылатын әрекеттердің дұрыстығына ішкі бақылау жүргізу, соның ішінде олардың қоғамның қолданыстағы нормативтік құжаттарына сәйкестігі;
- қаржылық мониторингке жататын операциялар туралы, сондай-ақ операцияларды күдікті деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін тоқтату қажет операциялар туралы қоғамның ішкі нормативтік құжаттарында белгіленген форма мен тәртіп бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметіне дереу хабарлау;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды өткізу;
- филиалдың мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу үшін қажетті басқа да әрекеттерді орындау;Талаптар:
Вакантты лауазымға біліктілік талаптары
(лауазымдық нұсқаулықтан):
- жоғары экономикалық/қаржылық/заңгерлік*/техникалық* білім
*кредиттеу саласында (функционалында) кемінде 2 жыл тәжірибесі болған жағдайда рұқсат етіледі
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білім:
1) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері, лауазымның мамандануына сәйкес қатынастарды реттейтін;
2) Қазақстан Республикасының қоғамның бағалау қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілері;
3) Қоғамның Жарғысы;
4) Қоғамның қызметіне қатысты нормативтік және әдістемелік материалдар;
5) Филиалдың кредиттеу бөлімінің/секторының қызметіне қатысты жұмыс тәртібі (ережелер, құжаттар, іс-шаралар);
6) экономика негіздері, кәсіпорынның қаржылық талдауы, ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастыру негіздері;
7) Қоғамның ішкі нормативтік құжаттары;
8) мемлекеттік тіл білімі;
9) Халықаралық стандарт МС ИСО 9001 талаптары.
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті құзыреттер:
Функционалдық:
- сараптамалық қорытынды жасау және жоба бойынша нақты ұсыныстар әзірлеу қабілеті;
- деректерді жаппай жинау және талдау дағдылары;
- тиімді презентация өткізу және іскерлік қарым-қатынас жасау қабілеті;
- клиенттердің шағымдары мен наразылықтарымен жұмыс істей білу.
Жеке:
- көп міндеттілікке стресс төзімділік;
- коммуникабельділік (жылдам байланыс орнату, адамдармен қарым-қатынас жасау қабілеті);
- нәтижеге бағдарлану;
- сауатты ауызша және жазбаша сөйлеу;
- қажетті ақпаратты жылдам таба білу;
- белсенді өмірлік позиция;
- үздіксіз өзін-өзі дамыту;
- клиентке бағдарлану.
Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар:
Кәсіби салада немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда:
-кемінде 2 (екі) жыл және/немесе ішкі кандидаттар үшін «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) / Қоғамның еншілес ұйымдары / Холдингте кемінде 1 (бір) жыл жұмыс тәжірибесі.
Бұл талаптар шетелдік жоғары оқу орнын/ Назарбаев университетін магистратура бағдарламасы бойынша бітірген кандидаттарға/ «Болашақ» бағдарламасы бойынша бітіргендерге (жұмыс тәжірибесіне талап қойылмайды) қолданылмайды.
Жұмыс шарттары:
Жұмыс режимі: толық жұмыс күні, 5/2Жұмыс формасы: еңбек келісімі
Әлеуметтік пакет: медициналық сақтандыру
Орналасқан жері: Талдыкорған қаласы, Көктем мкн. 10.
Ұқсас вакансиялар


